Образование

Қаламызда алғаш рет «Ыбырай оқулары» облыстық байқауы өтеді

Бұл байқауға Қостанай облысының барлық жалпы білім беретін мектептерінің 211 сынып оқушылары қатыса алады. 

«Ыбырай оқулары» екі кезеңнен тұрады: аудандық (қалалық) және облыстық. Аудандық кезең ақпан айында өтеді. Байқаудың мақсаты  жас ұрпақты Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелерін оқуға, оқушылардың сөйлеу мәдениетін және мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту болып табылады. Байқауға қатысушылар ақынның кемінде бірнеше өлеңін жаттап, оны жатқа айтып, мәнерлеп оқулары тиіс.

Байқаудың талаптары:

24 сыныптар арасында өткізілетін байқауға қатысушылар ақынның кемінде 10 өлеңін жаттап, оларды көркем әрі әсерлі түрде орындауы керек.

57 сыныптар кемінде 15 өлең жаттап, оны байқауда мәнерлеп айтуы тиіс.

811 сыныптар оқушыларына кемінде 20 өлеңді жаттап айту міндеттеледі.

«Ыбырай оқулары» байқауын Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектепгимназияинтернаты» KMM ұйымдастырады. Әр кезеңнің қорытындысында жеңімпаздар қазылар алқасының шешімімен анықталып, бағалы сыйлықтармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Байқауға қатысқан барлық оқушыларға арнайы сертификаттар табысталады, ал байқауды дайындаған жетекшілерге алғыс хаттар беріледі.

Байқау  балалардың әдебиетке деген қызығушылықты оятып, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды ісшаралардың бірі. Өңірімізде бұл байқау алғаш рет ұйымдастырылады. Облыстық кезеңге бас жүлде мен 1ші орын иеленген оқушылар жолдама ала алады. Облыстық байқауда жеңімпаз атанған оқушы байқауға екі жылдан кейін ғана қатысуға мүмкіндік беріледі. Бұл байқау – әрбір қатысушы үшін әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін арттыруға мүмкіндік береді. Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын дәріптеп, балаларға ұмытылмас әсер қалдыру – біздің басты мақсатымыз, – деп атап өтті Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық мұражайы басшысының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Салтанат Өтелбаева.

Байқауға қатысу үшін қажетті ақпаратты алу және тіркелу мақсатында, ұйымдастырушылардың байланыс нөмірі: 87142 545694.

Дильназ ИЗДЕЛЮЕВА,

сурет kostdaryn.kz сайтынан


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77