COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

Выздоровевших

Зарегистрированных случаев

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

Летальных случаев

Біздің Қостанай

Қаламызда бес субұрқақ іске қосылды

Субұрқақтар шаһарымызға көрік беріп тұр

Жаз келіп, күн ысып, қала халқы бір уақыт субұрқақтардың жанына тоқтап салқын самалды сезінетін шақ та жетті.

Қаламыздағы алыстан көз тартатын субұрқақ-тардың күні кеше жұмыс істей бастағаны белгілі.

Осы ретте субұрқақтардың жұмыс істеу барысымен танысу мақсатында қалалық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне бас сұққан болатынбыз.

Біз жолығып, сауалдарымызды қойған бас маман Кенжебай Акбаевтың айтуына қарағанда, шаһарымызда барлығы 15 субұрқақ бар екен. Қазіргі таңда Байтұрсынов көшесіндегі, «Целинная» қонақ үйінің алдындағы, әл-Фараби даңғылында орналасқан «Сити орталықтағы» және «Қазақ-Француз» орталығының алдындағы барлығы бес субұқақ жұмыс істеп тұр.

Сондай-ақ басқа да әзірге іске қосылмаған субұрқақтарға кезекті жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Оларға су айдағышын ауыстыру, жиегіндегі тастарды өзгерту, бітелген су құбырларын тазарту сынды кезекті жөндеу жұмыстары жасалады. Бұл субұрқақтар 10-шы маусымға дейін жөндеуден өтіп, іске қосылада деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар шаһарымыздағы бірнеше субұрқақтар толық жөндеу жұмыстарын керек етіп тұр. Олардың ішінде «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» саябағындағы, Пушкин және Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы, І.Омаров атындағы қазақ драма театрының алдында орналасқан субұрқақтар бар. Бұл субұрқақтарға жасалуға тиісті жөндеу жұмыстары ауқымды болғандықтан, олар шамамен 20-шы маусымда іске қосылады деп күтілуде.

Бүгінде жұмыс істеп тұрған субұрқақтар бір жағынан ыстық күнде қасына келген жанға салқын самал сыйласа, бір қарағанда шаһарымызға ерекше көрік беріп тұрғандай.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77