Социум

Қаламызда цифрландыру және ақпараттық технологиялар салаларының қызметкерлерін марапаттады

Қазақстанда жаңа кәсіби мереке 10 қараша – цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні пайда болды

Осыған орай Қостанай әкімдігі қаламыздағы ақпараттық технологиялар қандай деңгейде екендігін айтып, біршама ақпарат берді. Іс-шара барысында өңірдің цифрландыру саласының мамандарын марапаттау рәсімі де жүргізілді.

Қазіргі қоғамда цифрландыру және ақпараттық технологиялардың өзіндік алатын орны бар. Әлемнің сан түрлі салаларында өзгерістерге алып келген де осы сала. Бұл құбылыс қоршаған ортамен өзара әрекеттесумен тығыз байланысты жаңа мамандықтардың пайда болуына қарай бүгінгі таңда өзекті болып отыр.

ІТ-сала мамандары бүгінде еңбек нарығында сұранысқа ие салалардың бірі болып табылады. Өйткені, цифрландыру өмір сапасын жақсартатын негізгі факторлардың бірі ретінде қарастырып келеді. Өңірімізде осы саланың дамуына, жастарды ақпараттық технологияға тартып жатқан мамандарға алғысым шексіз, – дейді Қостанай облысы әкімдігінің цифрландыру басқармасының басшысы Азамат Қашиев.

Қазіргі әлемде олар қоғам өмірінің әртүрлі салаларындағы өзгерістер туралы көбірек айтылып, жаңа деңгейге жетуге тырысады. Осылайша, бұл құбылыстың өзектілігі ақпараттық қоғам жағдайындағы медиа сауаттылықтың рөлін талдау мәселесін, сонда-ақ оның медиа білім берудің стратегиялық мақсаты ретінде дамуын қалыптастырады. Ақпараттық технология саласын жетілдірудің мақсаты азаматтың жоғары дамыған ақпараттық қоғамды қалыптастыру деп санауға болады. Айта кету керек, жаңа кәсіби мерекені құру сала қызметкерлерін қолдау мақсатында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылуда.

Аяжан Серік


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77