Жаңа жыл-сиқыр мен ең қымбат тілектерді орындайтын уақыт. Ал олар балаларда-әр түрлі. Қымбаттылардың бірі-Аяз Атамен кездесіп, онымен бірге жасыл сұлулықтың айналасында дөңгелене би билеу. Ертеңгілікке келген балалар сыйлықтармен жақсы сиқыршының пайда болуын күтеді
Достық дөңгелек билер, жаңа жылдық әндер, қызықты ойындар және қызықты квесттер. Бүгінгі сәбилердің жаңа жылдық атмосфераны сезінуі үшін ата-аналары бәрін жасайды. Балалардың жылы, шынайы эмоциялары оларды ертеңгіліктен кейін де қалдырмайды.
Жаңа жылдық мерекелер-ғажайыптар, тілектер мен сиқырларды жүзеге асыратын уақыт. Ең бастысы, жаңа жылдық мерекеде образ таңдау. Өйткені, бұл күндер көптеген сыйлықтар мен жағымды тосынсыйларды, сондай-ақ шулы мерекелер, ертеңгіліктер мен кештерді уәде етеді.
Әр бала жарқын және әдемі мерекелік костюм туралы армандайды, онда достарымен бірге мерекеде көп көңіл көтереді. Балаларға арналған заманауи жаңа жылдық костюмдер таңқаларлық және осы костюмдерді таңдаған және сатып алған аналарды аздап қобалжытады. Бұл мақалада біз балаларға қандай карнавал костюмдерін таңдау керектігі және оны кішкентайыңызды ренжіту үшін емес, қуанту үшін қалай жасау керектігі туралы айтатын боламыз.
Негізінен балалар ертегілердің, мультфильмдердің және балалар сериалдарының сүйікті кейіпкерлерінің костюмдерін таңдайды. Өндірушілер де балалардың тілектерін біледі және маусым алдында костюмдер партияларын трендті мультфильмдер мен ертегі кейіпкерлері түрінде тігеді. Сондықтан ешқандай мәселелер болмауы керек.
Қазіргі кезде қыз балалар арасында барби, снежинка, мультфильмдегі ханшайым болып киінгісі келеді. Ал ұлдар супермен, өрмекші адам, түрлі құтқарушылардың костюмдерін киеді.
– Осы жылы менің қызым барби болып киінемін деді. Қызғылт түсті көйлек тауып, барлық ұсақ түйекке дейін қызғылт түсті нәрселерді іздей бастадым. Биыл барбидің киносы шығып, қазір трендте емес пе, сол баланыңда қалауына әсер еткен,- дейді қала тұрғыны Жанар Ізтілеуова.
Біз бірнеше дүкендерді аралап, қарап шықтық. Қала тұрғындарының көбі «Карнавал» дүкенінен прокатқа костюмдер алады екен. Бағасы 3000 теңгеден басталады. Тіпті, кейбір ата-аналар қараша айының соңынан бастап брондап қойған екен. Ал «Атриум» бизнес орталығында орналасқан «Тригуб» дүкенінде бағалар 6000-нан басталады. «Тригуб» дүкенінде сатылымға желтоқсан айынының басында алып келген, айдың ортасында киімдердің бірнешеуі ғана қалған. Дүкеннің сатушысы да қыздарға ханшайым образы мен барби киімін алып жатқандар көп дейді.
– Менің ұлым человек паук киімін киемін деп бірнеше ай бұрын айтып жүрді. Содан кейін киімді іздей бастадым. Сатылып алайын десем, бітіп қалған. Сосын прокатқа «Карнавал» дүкенінен тауып алдым. Бағасы 4000 теңге. Әрине, барлық өлшемдері болған жоқ, – дейді Аяулым Жұмағалиева.
Қазіргі таңда тек ересек адамдар ғана емес, балаларда трендке қарап, соларға еліктейді. Қай жылы, қандай киім киетіндерін ата-аналарына өздері айтады. Бұрыңғыдай бергенді, алғанды киетін балалар өте аз. Өздерінің қалаулары бойынша киінгісі келеді.
Аяжан СЕРІК,
сурет әлеуметтік
желіден алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77