Новости События

Қаламыздағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «KOSTANAY PLAZA» ойын-сауық орталығында 1-желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ауқымды шара ұйымдастырды

«Біз Ұлы даланың балалары!» атты мерекелік шара аясында домбырашылар жианғандарға күмбірлете күй тартып берді

Шараны ұйымдастырудағы негізі мақсат – қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, адамгершілік және рухани құндылықтарды бойларына сіңдіріп тәрбиелеу. Өз халқының мәдени мұрасына деген сезімін ояту болып табылады.

– Домбырашылардың флэш-мобы бесінші жыл қатарынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өткізіліп келеді. Зияткерлік мектепте 138 оқушы домбыра үйірмесіне қатынасады, сондай-ақ, бүгінгі шараға белсені атсалысуда, – дейді физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Маслихат Замырбекқызы.

Сауда орталығында Зияткерлік мектептің жас домбырашылары Құрманғазы атамыздың «Адай», «Балбырауын», Н. Тілендиевтің «Аңсау» және халық күйі «Келіншек» күйін көрерменге тарту етті.

– Оқу жылынан бастап домбыра үйірмесіне қатынасатын оқушыларға күй үйтеріп келеміз. Бастапқы жылдан қатынасып жүрген жас домбырашылар он-он беске жуық күйге дейін біледі. Ал, алғашы келгендер оқу жылының ішінде үш-төрт күй үйреніп шығады. Осы шараға ерекше дайындықпен келдік. Бүгінгі шараның шымылдығын «келіншек» күйімен түргенді жөн көрдік, – дейді Зияткерлік мектептің домбыра үйірмесінің жетекшісі Талғат Бекжанов.

Айта кету керек, осындай шара дәстүрлі түрде еліміздің барлық өңірлерінің – 20 Назарбаев Зияткерлік мектептерін қамтып отыр.

Мереке соңында мектептің шығармашылық ұжымы, болашағымыз жарқын болсын деген ниетпен «Бір үйдің баласындай» атты әнмен аяқтады.

Сералы МЫРЗАБАЙ,
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77