Біздің Қостанай

Қаламыздағы мектептер оқушыларды қашықтықта оқытуға толық дайын

Бір тоқсан бойы ұстаздар қауымы үйінде отырған балаларға жаңа тақырыптарды онлайн түрде түсіндіретін болады

Облысымызда белең алған коронавирус пандемиясына байланысты оқуылар өткен төртінші тоқсанды қашықтықтан оқып бітірген болатын. Енді міне санаулы күндерден кейін басталатын жаңа оқу жылының 1–ші тоқсаны да қашықтықтан оқыталатын болып бекітілген  белгілі.

Бірақ 1 -ші сыныпқа барып, мектеп табалдырығын жаңа аттағалы отырған  балалар үшін оқуды үйде бастаған қалай болар екен деген ата-аналардың пікіріне Білім және ғылым министрілігі бірден құлақ асып, бастауышта оқитын оқушылар үшін кезекші сыныптар жұмыс істейтінін мәлімдеген болатын. Бүгінде бұл сыныптарға ата-аналардың арнайы өтініштерімен балалар қабылданып алынды. Бұл кезекші сыныптарда балалар сақтық шараларын сақтай отырып оқитын болады.

Басталғалы отырған оқу жылының барысын, өңіріміздегі мектеп пен оқушылар санын, жинақалған шағын мектептерге барып қанша шәкірт оқитынын білу мақсатында«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы Ермек Айтмағамбетовке сұрағымызды жолдап, нақты жауап алған болатынбыз.

Жалпы, Қостанай облысында барлығы 490мектеп бар. Олардың ішінде Қостанай қаласында 35 орта мектеп пен 3облыстық  деңгейдегі білім беретін ұйым бар. Облысымыз бойынша 109 134 оқушы орта білім алып жатыр. Ал шаһарымыздағы оқушылар саны 30 583.

Биылғы жаңа оқу жылында Білім және ғылым министрінің нұсқауымен шағын жинақталған мектептердің балалары бұрынғыша мектепке барып оқитын болған еді. Осы ретте облыс бойынша 330 жинақталған мектеп бер екен. Олардың 268-і штаттық оқу режимінде балаларды қабылдауға дайын. Онда 15 149 оқушы мектерке барып білім алады деп күтілуде.

Бұл жинақталған шағын мектептер әдеттегідей жұмысын жалғастырғанмен сақтық шараларын қатаң ұстанатын болады. Кабинеттердің ауасы жиі тазартылып, оқушылардың парталары залалсыздандырылып отырады. Оқушылар да мұғалімдер де бетпердемен жүретін болады.

Сонымен қатар облысымызда  бала бақшалардың жұмысы да біртіндеп басталып жатыр. Өңірімізде 22 653 баланы қамтитын 186 мемлекеттік бала бақша жұмыс істейді. Соның ішінде қаламызда10 мыңнан астам баланы қамтитын 71 балабақша бар.

Бұл бала бақшалар Қостанай облысы Бас санитарлық дәрігерінің «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңмен жұмсарту туралы» 2020 жылғы 16 тамыздағы № 46  қаулысына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының (кезекші топтар 15 адамнан аспайды) қызметі меншік нысанына қарамастан   2020 жылғы 17 тамыздан бастап қайта жаңғыртылған болатын.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жаңа оқу жылында ата – аналардың өтініші бойынша кезекші топтар ұйымдастырып, жергілікті атқарушы органдардың шешімдері негізінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, мектепке дейінгі ұйымдар штаттық режимде оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыруда.

Үй жағдайындағы балаларға ұйымдастырылған оқу қызметін (кеңестер) ұйымдастыру қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып жүргізіледі, ата-аналарға материалдар ұсынылады. Педагогтердің тапсырмаларын балалар ата-аналарының жетекшілігімен орындайды.

Ұйымдастырылған оқу қызметі (кеңестер)қашық форматтағы түрі ересек, мектепалды топтары/сыныптарында ұйымдастырылу ұсынылды.

Жаңа оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарда  ұйымдастырылған оқу қызметі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларға байланысты ұйымдастырылған оқу қызметі (кеңестер) қашықтағы форматта және кезекші топтардың жұмысын ұйымдастыру түрлері арқылы жүргізілетін болады.

Қашықтықта оқытудың басты мақсаты оқушылар мен мұғалімдердің денсаулығы үшін алаңдаушылықтан болып отыр. Бұл да уақытша. Аты жаман қауіпт жойылған кезде оқушылар да ұстаздарда сыныптарға оралып, білім жүйесі бұрынғысынша жалғасатын болады.

Бүгінде қаламыздағы барлық мектептеріндегі ұстаздар қайымы оқушыларды қашықтықтан оқытуға толық дайын. Олар үйлерінде отырған шәкірттеріне барынша жаңа тақырыпты түсіндіріп, үйге тапсырма беріп, оны тексеріп отыратын болады.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77