Үйлері өртенген жандардың ішінде жалғыз басты қария да, жүкті әйел де бар
Өткен жексенбі күні Қостанай қаласында күтпеген жерден шыққан өрт 3 бірдей отбасыны баспанадан айырды. 1 отбасының үйінің төбесі жөндеуді талап етіп тұр.
Пәтерлердің тұрғындарының айтуынша бір-біріне жалғасып салынған бір бөлмелі 4 пәтердің бірінен өрт шыққан. Өрттің толық неден тұтанғаны әлі белгісіз.
Осы өрттен жапа шеккен жандарға «Жанашыр бол» қоғамдық қоры қол ұшын созу мақсатында, төсек мен киім-кешек апарып берді.
Өткен демалыс күні біріне бірі жалғасып салынған, өртке оранған 4 пәтердің бірінде Лесная,1, №4 мекен-жайында жалғыз басты 86 жасар қария тұрады екен. Оның пәтерінің төбесін ғана өрт шалғанмен қабырғалары бүтін. Өрт тиген пәтер төбесі жөндеуді қажет етіп тұр. Бүгінде қарияға көршілері көмектесіп отыр екен. Ол күндіз үйінде болса, кешке көршілеріне қонуға барады.
-Бұл менің өзімнің пәтерім. Мұнда 2001 жылдан бері тұрамын. Менің 3 балам бар. Екеуі Ресей еліне көшіп кеткен. Тік бір ұлым ғана осында тұратын. Бірақ оны осыдан 8 жыл бұрын жоғалтып алдым. Қазір жалғыз тұрамын.
Шынымды айтсам, денсаулығым сыр біреп, жүріп-тұруым қиындап кетті. Үйімізде өрт жексенбі күні кешке қарай болды. Мен ол кезде керуетімде жатқан едім. Қуанашыма орай, менің пәтерімнің төбесін ғана шамалы от шарпыған. Сонда да оны жөндеу қажет. Жөндеу жұмыстарын жасауға менің әлім келмейді. Әрине, қайырымды жандардан көмек күтемін. Қолы қарулы ер азаматтар, үйімнің төбесін жөндеп берсе үлкен алығысымды білдірер едім. Шыны керек, көмектесетін жан болса деп отырмын, – дейді жалғыз басты қария Анна Тешенчо.
Міне, осындай өрттен жапа шеккен жанның бірі бірінші сәбине аяғы ауыр келіншек Наталья Корниенко. Ол Чернышев, 63, №2 пәтердің тұрғыны. Наталья өрт болатын күні сағат 15:00-де үйінен дүкенге шығып кеткен. 15:50-лерде дүкеннен кері қайтқанда пәтерінің толық жанып кеткен көрген.
-Өрт болған кезде дүкенге кеткен едім. Менің жүктілігіме 8 ай. Бірінші баламды күтіп жүрмін. Пәтерім бір бөлмелі, алдына қосымша тағы бір бөлме салғанбыз. Ішіндегі тұрмыстық техника, жиһаздарым, киім-кешегім бәрі өртеніп кетті. Бұл анамның пәтері еді. Мен тұрып жатқанмын. Енді міне пәтер күлге айналды. Барлығы толық жанып кеткен. Мұны жөндеу мүмкін емес сияқты. Қазір бау бақшада тұрып жатырмын. Бар тұрғылықты жерім осы еді. Менің осындай күйге түскенімді естіген бетте анам мен әпкем қасыма келіп, мұндағы қоқыстарды жинауға көмектесіп жатыр. Барлық затым өртеніп, қоқысқа айналған. Бұларды енді тиеп, қоқысқа апарып тастау қажет. Әрине, шарасыз күйдемін. Бұлай болды деп ешқашан ойламаған едім. Маған қазір осы өртеніп кеткен заттарды жинап, қала сыртындағы қоқысқа апарып тастауға көмектесетін жан болса деймін. Қайырымды жандардан көмек күтемін,-дейді.
-Баспадан айрылу үлкен қасірет. Қазір пәтерге қол жеткізу өте қиын. Сондықтан осы жапа шеккен жандарға қолымыздан келгенше көмектесуді жөн көрдік. Әрине, оңай емес. Алдағы уақытта да мүмкіндігінше көмектесуді жоспарлап отырмыз. Барлық қостанайлықтарды да көмек қолын созуға шақырамыз,-дейді «Жанашыр бол» қоғамдық қорының қызметкері Фатима Мукашова.
Расында Натальяның пәтерінің оттан саутамдығы қалмаған. Қабырғалары өртенген. Төбесі мүлдем жоқ. Қазіргі нарық заманда жалғыз баспанасынан айрылып, далада қалған жандардың жайын біз де жақсы түсінеміз. Сондықтан тілсіз жаудан жапа шеккен отбасыларға көмектесеміз деген жандар болса, нұр үстіне нұр болар еді. Қайырымды жандар үшін үйсіз қалған жүкті әйел Натальяның телефон нөмірі 8-705-245-01-51.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Суретті түсірген Лариса БОЖКО
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77