Қостанай таза да, әсем гүлдері жайқалған сұлу қала. Оның түзу көшелері мен жасыл желегі сырттан келген қонақтарды тәнті етіп, жергілікті тұрғындардың мақтанышына айналған
Осынау қалада ауласы гүлге оралған әсем көп қабатты тұрғын үйлер де көп.Осындай алыстан көздің жауын алатын гүлге оралған ауланы біз де назардан тыс қалдырмадық. Қаламыздағы садовая, 49 мекен-жайындағы көп қабатты үйдің ауласы кімді болса да, бей-жай қалдырмасы анық.
Мұнда тек түрлі-түсті гүлдер ғана өсіп тұрған жоқ, сондай-ақ халық ертегілері де көрініс тапқан. Құстың ұясы, ағаш үйшік, жылқы, шошқа, аққу, ит және де басқа да мүсіндер орнатылған үйдің ауласының тұрғындары өздерін ерекше қуанышты сезінеді.
Мұндай сұлулықты 70 жастағы қала тұрғыны Лариса Лебедева өз қолымен жасайды екен. Осынау әсем аулаға арнайы барып, қала көркіне көрік қосып отырған жанмен танысып, оның жұмыстарын көрген едік.
– Мен сұлулыққа, әдемілікке құштар жанмын. Суретті жақсы саламын. Мүсінді де жасаймын. Қостанай қаласы менің туған мекенім. Оның сұлу келбеті маған қатты ұнайды. Қаламды жақсы көремін. Қазір қаламыздағы «Данька» жеке пәтерлер кооперативінде аула сыпырушы болып жұмыс істеймін. Маған бекітілген Садовая көшесіндегі 49-шы үйдің ауласын тазарту жұмыстарын қолымнан келгенше жақсы орындаймын. Соңғы жылдары бұл ауланы тек қоқыстан тазартып ғана қоймай, әсемдеуді қолға алдым.
Бірінші жылы мұндағы гүлдерді өзім сатып әкеліп отырғыздым. Жайқалып өсті. Тұрғындардың ерекше қызығушылығын тудырды. Олар маған келіп, өздерінің алғыстарын білдірді. Келесі жылы олар әр пәтерден ақша жинап, маған қажетті гүлдерді сатып алып берді. Ол гүлдерді де отырығызып, күтіп бақтым. Жайқалып, алыстан көздін жауын алатындай өсті.
Сөйтіп, бұл аулаға қолымнан келетін жануарлардың мүсінен жасадым. Ойымдағыдай шығып, тұрғындарға ұнады. Бір мүсінді жасауға әрі кетсе бір жеті уақыт керек. Кейібіреулерін сатып аламын. Бірақ көбісін өз қолыммен жасады. Осынау әсімдікті тұрғындар да жоғары бағалды. Өздерін қаламыздағы ең көркем де, әдемі аулада тұратындарын айтып, алғыстарын білдірді.
Мен бұл жұмыстан ешқашан шаршаған емеспін. Денсаулығым жақсы. Күніне бір уақыт қыбырлап, жұмыс істегенді жақсы көремін. Зейнеткермін деп үйде омалып отыра беру маған жат дүние. Жастайымнан еңбекке араласып, қол қусырып отырған жоқпын. Міне, 70 жасымда да жұмыс істеп, көпшілікке қуаныш сыйлап жүрмін,-дейді бір үйдің ауласын гүлдендіріп отырған әжей.
Мына жерде болашақта «Репка» ертегісінің кейіпкерлері болады, ал мына жерге жылқының мүсінін қоямын деп өзінің алдағы жоспарларыментаныстырған әжей аталмыш кооперативтен 54 000 теңге жалақы алады екен. Ол үшін айлық табысы маңызды емес. Тек күнделікті жұмыс істеп, сол ауланың тұрғындарына қуаныш сыйлауды мақсат етеді.
Бірақ осынау жасы егде тартқан жанның қолынан шыққан керемет дүниелерді ұрлап, сындырып кететіндер де, кездеседі екен. Бұл жайында аула тұрғындары:
– Біздің аула көп жылдар бойы дұрыс тазартылмай, шашылып, қоқыс үйіліп жататын еді. «Данька» жеке пәтерлер кооперативінен Лариса әжей келгеннен бері көзіміз ашылып, таза да, әсем аулада ғұмыр кешіп келеміз. Ол кісінің еңбекқорлығына тәнтіміз. Күнде таңертең терезеден жаңа мүсіндерді көріп таң қаламыз. Балаларымыз да қуанышты. Осындай еңбекқор жанға үлкен құрметпен қараймыз.
Әрине, бес саусақ бірдей емес. Ол кісінің еңбектеніп жасаған мүсіндерін қиратып, тіпті ұрлап кететіндер де кездеседі. Оны кім істеп жүргенін білмейміз. Біз реті келгенше, осы әсемдікті көзіміз ұйқыға кеткенше күзетеміз. Оны бөгде біреулердің бұзғанын қаламаймыз. Өзімізге қонақ келсе, осы сұлулықты көрсетіп мақтанамыз. Лариса әжейге айтар алғысымыз шексіз. Әрдайым дені сау болып, ұзақ ғұмыр кешіп, қолынан келгенше әсем дүниелер жасай беруіне тілектеспіз,-дейді Садовая көшесіндегі 49-шы үйдің тұрғындары бір ауыздан.
Әрине, сұлулыққа кімнің де бар таласы. Әдемі дүние баршаның көз жауын алып, кез-келген жанға жоғары көңіл-күй сыйлайтыны анық. Осылайша Қостанай қаласы көркейіп, гүлдене берсе дейміз.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Суретті түсірген Лариса БОЖКО
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77