Социум

Қаламыздың жалындаған жастары ардагерге құрмет көрсетті

2 мектеп-лицейінің оқушылары “Жеңіс күніне” орай облысымыздың құрметті азаматы Павел Васильевичті мерекесімен құттықтап қайтты. Мерекелік шара Sun Vita гератриялық орталығында өтті. Концертте 3 сынып оқушыларынан 23 бала қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

“Жеңіс” бізге оңайлықпен келген жоқ. Егерде осы күнді еске алмасақ біздің тараптан біртүрлі болары сөзсіз. Себебі, соғысқа қатысқан әрбір жан, біздің болашақ үшін өз жандарын беруге дайын болды. Сол үшін шексіз алғысымызды білдіруіміз керек. Бізге осындай бейбіт өмір сыйлағаны үшін ардагерлерге көп-көп рақметімді айтқым келеді”-дейді 9 жасар Мелена.

Орталықтың қызметкерлері мен қариялар бүлдіршіндерді есіктен кіре сала жылы құшақпен қарсы алды. Қарттардың жүздерінде күлкі төгіліп, мәз-мейрам болды.

“Біздің екі орталығымыз бар. Біреуі қаладан тыс жерде орналасқан. Мұнда қариялар өз еріктерімен келген. Қазіргі таңда барлығы 75 адам бар. Олар демалыс сайын туысқандарымен көрісіп тұрады. Қарияларға ешқандай шектеу жоқ. Қаласа қалаға да кез келген уақытта барып келе алады. Бұл жерде өздері жасты адамдармен көңілді әңгіме айтып, бос уақыттарын тиімді өткізуі үшін бар жағдай жасалған”-дейді, мекеме басшысының орынбасары Жанна Даутова.

Оқушылар мерекеге арналған әндерін шырқап, қарттарымызға гүл шоқтарын табыс етті. Мерекелік кешке тек бүлдіршіндер ғана емес ата-аналары да қатысты. Ата-аналар ардагер Павел Даценкоға бейбіт өмір үшін өз алғыстарын білдіріп, барлық қарттарымызға ұзақ өмір тілейтіндерін тілге тиек етті. Ата-аналар жемістер толтырылған себет пен тәттілер сыйға тартты.

Аталмыш орталықтағы қариялардың сөзінше олар үшін қолайлы жағдай жасалған. Керектінің бәрі бар екен. Бүлдіршіндердің келгендерін көріп, қатты қуанғандарын айтады.

Жас бүлдіршіндер орындаған әннің әсерлі болғаны сондай, барлығының көзіне еріксіз жас толды. Олар сол заманның қиын күндерін бір сәт еске алғандай.

“Сендердің болшақтарын үшін сол кезеңде жәс пен кәріге қарамай тынымсыз еңбек еткен. Аталарын үшін әр жас ұрпақ молшылықта әрі еш қиындықсыз өмір сүруі арман болған. Міне, олар қалаған болашақта өмір сүріп, олар көрмеген қызықты көріп жатырмыз. Сол себептен алғысымызды айтып, әрқашан жадырап, бақытты, бейбіт өмір сүрейік”-деді қария.

Мерекелік іс-шара соңында соғыс ардагері балаларға өз алғысын білдірді.

“Айтулы мерекені елеп-ескергендеріңіз үшін алғысым шексіз. Менің жас жеткіншектерім сендерге тек бақыт, барлық жақсылықты тілеймін. Бейбітшілігіміз мәңгі болсын”- деп өз ақ тілегін білдірді.

Гүлжан БӨЛЕГЕН,
суреттерді түсірген Абиль ДОЩАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77