6 қараша күні Амангелді ауылында бірнеше нысанға қызмет көрсеткен қазандықта жарылыс болды, Qostanai.Media
Бұл жағдайға Қостанай облысының әкімі жеке бақылау орнатты. Оқиға орнында қысқа мерзім ішінде жаңа блокты-модульді қазандық салынды. Бұл қазандық ауыл тұрғындарының үйлеріне жылу беріп отыр. Мұнда барлық қажетті талаптарға сай үш жаңа қазандық орнатылған.
– Блоктты- модельді қазандық қалыпты жағдайда жұмыс жасап тұр. Тұрғындардан ешқандай шағым түскен жоқ. Бұл қазандыққа үш тұрғын үй қосылған. Төтенше жағдай болған күні әр пәтерге уақытша жылу көздері орнатылды. Бөлме температурасы 18-20 градусты сақтап тұрды, ешқандай шағым түскен жоқ, – дейді Амангелді ауданының әкімі Канат Кеделбаев.
Жаңа қазандық 7 қарашадан бастап іске қосылды. Оны салуға облыстық бюджеттен 62 миллион теңге бөлінді. Қазіргі заманғы жабдықтар барлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді. Бұл қазандық аудандық мұражай, мәдениет үйі және бірнеше тұрғын үйге жылу береді. Жоба аясында іргетас құйылып, қабырғалар көтеріліп, шатыр жабылып, түтін құбыры орнатылды. Жаңа қазандық толықтай жылыту жүйесінің негізгі трассасына қосылған. Оқиға болған күні тұрғындар өз үйлерінде суықты сезінген жоқ.
Жылу уақытша электр пештері арқылы берілді.
Бүгінгі таңда блокты-модульді қазандық штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Барлық нысандар жылумен қамтамасыз етілді. Ауыл тұрғындарымен байланыс үзілмейді.
Бізде арнайы құрылған топ бар, тұрғындар кез келген мәселесін сол жерде жеткізе алады. Барлық жұмыс бақылауда, – деп мәлімдеді қазандық қызметкерлері.
Қазіргі уақытта Амангелді ауданында жағдай тұрақты. Тұрғын үйлерге жылу мен ыстық су толық көлемде беріліп жатыр. Жергілікті билік алдағы аязға дайын екенін атап өтті.
Ал қайтыс болған қазандық қызметкерінің отбасына әкімдік тарапынан және демеушілерден қаржылай көмек көрсетілді.
Аяжан СЕРІК,
видеоны жасаған Абиль ДОЩАНОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77