Новости События

Қапы қалмаңыздар!

Республикалық ақындар жыр мүшәйрасының қадірлі қонағы болыңыздар

Сөз төресін түсінген дана халқымыз қашан да ақындардың көмейінен төгілетін жыр жолдарына ерекше назар аударған. Әрдайым қара сөзді ұйқастырып, мағыналы өлең шумағын құраған ақындарына демеу беріп, қолдап отырған.  Міне, осындай керемет жыр мүшайрасы Қостанай қаласында облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастырумен 2019 жылдың 05 шілдесінде сағат 11.00-де өтеді.

І.Омаров атындағы қазақ драма театрында қазақтың көрнекті жазушысы, жерлесіміз Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойына арналған «ӨЗІМІЗДІҢ БИ-АҒА» атты республикалық ақындар мүшәйрасын жіберіп алмаңыздар. Міндетті түрде осы күні аталмыш театрға келіп, ақындардың өнерін тамашалауға шақырамыз.

Жыр мүшәйрасының қадірлі қонағы болыңыздар. Ақындардың өнеріне өз бағаларыңызды беріңіздер.

 

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77