Біздің Қостанай

Қар тазалау жұмысы қарқынды

Күніне 5-6 мың текше метр қар шығарылады

Қостанайдың орталық көшелерін қардан артылту міндеті «Таза Жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жүктелген.

Осыған байланысты коммуналдық қызмет күні-түні көшелерді тазалауға көшкен.

Айына жүз мыңнан астам текше метр ақ ұлпа қала сыртына шығарылады.

Қар тазалау барысында жолаушылар көлігі мен жаяу жүргіншілер жолы басты назарға алынады.

– Күнделікті қала көшелеріне түнгі ауысымда 27 техника бірлігі жұмылдырылса, күндізгі аусымда 22 техника бірлігі жұмылдырылды.

Көшелерді тазалап, аялдама, жаяу жүргіншілер жолдарын қардан тазалау жұмыстарына жұмылдырылған. Техникадан бөлек 87 қызметкер күнделікті жұмыста жүр.

Қар жаууына байланысты олар түнгі ауысымға да жұмысқа шығады, – дейді «Таза Жол» серіктестік директоры Тойжан Айтенова.

Серіктестік күніне 5-6 мың текше метр қар шығарады.

Ол қарды арнайы белгіленген орын «Автоцон» палигоны аймағына апарып төгеді.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77