Экономика

«Қарапайым заттар экономикасы»: Өңірде 298 жоба мақұлданған

Бағдарлама елде өңдірілетін өнімге серпіліс беруді көздейді

Жергілікті қамту үлесін арттыру және отандық тауарлар өндірісін қолдау мақсатында, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жүзеге асырылады.

Аталмыш бағдарлама 2019 жылдан бастап қолға алынған. Халық тұтынатын тауарлар, сондай-ақ, шикізат пен бастапқы өңдеу өндірісін дамытуға несие мен субсидия бөлінеді. Сол арқылы қазақстандықтар тұтынатын 82 пайыз импорттық тауар түрлерінің үлесін 59 пайызға дейін төмендету көзделген. Бағдарламаны іске асыру арқылы тек қана ішкі нарықты сапалы ас-сумен, киім-кешек, жиһаз, түрлі бұйымдар мен тұрмыстық техникамен қамтамасыз етіп қоймай, сонымен бірге еліміздің ұлттық, азық-түліктік қауіпсіздігін арттыру, қарапайым заттарға деген импорттық тәуелділіктен арылту көздеген. Мұнда субсидиялауды ескере отырып, жылдық 6%-дық мөлшерлемемен 10 жылға дейінгі мерзімге инвестициялық несие алуға болады.

Несиенің тек 50%-ын айналым қаражатына жұмсауға болады, бірақ егер кәсіпкер тамақ өнеркәсібінде жұмыс істесе, ол барлық несиені айналым қаражатына жіберуге құқылы.

– Бағдарлама үнемі жетілдіріліп отырады. Қазірдің өзінде өзгерістер мен толықтырулардың 6 топтамасы қабылданды, оның ішінде пайыздық мөлшерлемені төмендету, кепілдік алі, несиелеу үшін тауарлар тізбесін кеңейту және өзгеде жұмыстар атқарылады, – дейді Олжас Сапарбеков.

Бүгінгі таңда, бағдарлама шеңберінде жалпы сомасы 63 млрд теңгеге 348 жоба мәлімделді. Оның ішінде 45,1 млрд теңгеге 298 жоба мақұлданды. 6,4 млрд теңге сомасында 206 жоба көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына «Аграрлық несие корпорациясы» желісі бойынша мақұлданған.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Сурет ашық ақпарат көзінен алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77