Біздің Қостанай

«Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай…»

Қала көшелері қардан күнделікті тазаланып тұрады

Қостанайда қыстың алғашқы айы желтоқсан басталғалы айтарлықтай нөпір қар жауған жоқ.

Дегенмен де, қостанайлық коммуналдық қызметкерлер қандай жағдайға да дайын екендерін айтады.

Желтоқсан айы тәмамдалуға жақын қалды, алайда, бұл ай тұрғындар үшін айтарлықтай қолайсыздық тудырған жоқ.

Коммуналдық қызметкерлердің қыстық жоспары бойынша, көлік жолы мен жаяу жүргіншілер жолы күнделікті тазаланып тұрады.

Ауа райы да қалыпты. Тек өткен сенбіде ғана жауған қарды тазалауға көптеген техника бірлігі жұмылдырылған.

Қала көшелерінің қысқы қар мен қатқақ мұздан тазалау жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқандығы жайлы, «IKOMEK» ахуалдық орталығының басшысы Әлішер Батырбеков айтып берді.

– Қала көшелерінің қарын тазалау жұмыстары әдетте кешкі уақытта жүргізіледі. Қар тазалаудың өзі бірнеше кезеңнен өтеді.

Алдымен қардың негізгі бөлігі алынып тасталады, содан кейін жолға реагенттер қолданылады.

Еріген соң мұздақ тас жолдан қырылып алынады, жүк көлігіне тиеледі, ол қар қоқыс айлағына шығарылады. Ал, бізде қала бойынша қоқыс полилонының 4-еуі бар, – деп түсіндірді Әлішер Батырбеков.

Орталық басшысы, коммуналдық қызметкерлердің алдымен қала орталығының сосын өзге аймақтың тазартылатындығы жөніндегі тұрғындар арасындағы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.

– Біздің қала бойынша алты мердігер ұйым қала көшелеріндегі шаруашылық жұмыстарына жауап береді.

Әрбір ұйымға жүктелген аумақ бар. Сол себепті, барлық коммунладық мердігер ұйымдар бір мезетте қызметтеріне кіріседі, – деп атап өтті орталық басшысы.

Айта кету керек, коммуналдық қызметкерлердің жұмысы назардан тыс қалмайды. «Qostanay komek alany» фронт-кеңсесінде арнайы техниканың нөмірі мен маркасын, қозғалыс жылдамдығын және тіпті орналасқан жеріне дейін көрсететін интерактивті экран орналасқан.

Осылайша, мамандар коммуналдық қызметтердің жұмысына үнемі бақылау жүргізіп отырады.

Ахуалдық орталықта коммуналдық қызметкерлер аула аумақтарын жинаумен айналыспайдындығын еске салған жөн.

Бұл жұмыстар пәтер иелерінің тұтыну кооперативінің міндеті.

Егер қала көшелеріне және басқа да қалалық мәселелер жөніндегі жергілікті тұрғындардың шағымы 109 нөмірі бойынша қабылданады.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77