В ритме города

Ардагер журналист Жанұзақ Аязбеков

Атақты журналистердің бірі Жанұзақ Аязбеков кеше 70 жасқа толды

Оны Қостанай облысы Журналистер одағының төрайымы Александра Сергазинова құттықтады, оған қоса «Наш Костанай» газеті атынан да құттықтау сөздерін білдірді.

Жанұзақ  Аязбекұлы  Аязбеков – 1977 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  журналистика факультетін, 1984 жылы Алматы Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін бітірген.

Алдымен Қостанай облыстық телевизия және радио комитетінде  қатардағы редактор болып жұмыс істеген. 1977-1988 жылдар аралығында жастар редакциясының меңгерушісі, аға редактор, облыстық радионың бас редакторының орынбасары, 1987-1991 жылдары Қостанай облыстық партия комитетінің баспасөз жөніндегі нұсқаушысы болып қызмет атқарады.

Қазақ радиосы мен Қазақ теледидарының «Қазақстан» және «Хабар» агенттігінің Қостанай облысындағы меншікті тілшісі болды. Сонымен қатар, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы АҚ  Қостанай облысық филиалы директорының орынбасары – Бас редакторы қызметін атқарған. 2014 жылдан бастап «Қостанай таңы» газетінің  Директоры – Бас редакторы қызметін атқарып келеді.

2000 жылы Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігінің Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамоталарымен марапатталған. 2002 жылы «Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалінің иегері, 2008 жылы Қазақ теледидарының 50 жылдығына орай «Алтын жаршы» төсбелгісіне ие болды. 2009 жылы «Қазақстанның Құрметті журналисі» құрмет белгісінің иегері атанған. 2014 жылы облыстық Мұхаметжан Сералин атындағы сыйлыққа ие болды.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77