Социум

Ардагерлер жер бетіндегі барлық құрметке лайықты жандар

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің ұжымы ҰОС ардагері Дмитрий Наприенконы Жеңіс күнімен құттықтады

Жеңіс күні қарсаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің ұжымы ҰОС ардагері Дмитрий Наприенконы Жеңіс күнімен құттықтады.

-Сіздің ерлігіңіз шынайы таңданыс пен құрметке лайық. Біз ардагерлеріміздің ерліктерін әрдайым есте сақтап, мақтан тұтамыз. Сізге мықты денсаулық тілейміз, біздің қатарымызда ұзақ жүріңіз. Бейбіт заман үшін алғысымыз шексіз,-деген Департамент басшысы Асхат Искендиров жылы лебізін жеткізді.

Дмитрий Петрович 1927 жылы Ұзынкөл ауданында дүниеге келген. Әскерге 1944 жылы 17 жасар бозбала шағында шақырылған. Қиыр Шығыста әскери қызмет жасап, Жапониямен соғысқа қатысқан. Майдан даласында ауыр жараланып, госпитальда ем алған. Ол 1951 жылы әскерден қайтқаннан кейін ұзақ жылдар мемлекеттік қызметте қаржыгер болып еңбек еткен.

-Жеңіс күні – ардагерлер үшін ерекше күн. Жыл сайын мені білетін жандар құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп жатады. Сол кісілердің тілеуімен бүгінде бейбіт өмірде бақытты ғұмыр кешіп жатырмын. Ардагерлерді ұмытпай, құрмет көрсетіп жатқан сіздерге үлкен рахмет. Әрдайым аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын. Сіздер де Отанды сүйіп, оған адал қызмет ете беріңіздер,-деді ардагер.

Елі үшін жан аямай майдан шебінде жауға қасқая қарсы тұра білген ардагерлер жер бетіндегі барлық құрметке лайықты. Қатары сиреген ардагерлердің ерлігі біз үшін өнеге.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77