Біздің Қостанай

Арнаулы салық режимі туралы түсіндірілді

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы арнайы салық режимдері, оның ішінде бөлшек салық, мобильді қосымша, оңайлатылған декларация туралы брифинг өтті

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Жанат Акылбековада қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты тұрғындарға көмек көрсету, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

– Бұл бөлшек салықты қолданатын арнайы салық режимі, ол 2021 жылы енгізілді. Салық салу ставкасы және ЭҚЖЖ қызмет түрі 114-і құрады. Бірақ тағы да бірден бір жыл ішінде өзгерістер 2023 жылдың 1 қаңтарында болатындығы көзделді, бөлшек сауда салығы тек тамақтану орындары үшін берілді, бұл ЭҚЖЖ-ны азайтты. Ал салық ставкасы 6, басында 3 болды. Келесіде көптеген салық төлеушілер арнайы органдарға шағымдана бастады. Осыған байланысты сәуір айында салық заңнамасына өзгеріс енгізілді, бұл 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бөлшек сауда үшін 4 пайыз және заңды тұлғалармен өзара әрекеттесу 8 пайызды құрады. Мамыр айында 186 ЭҚЖЖ анықталды. Осыған байланысты салық төлеушілерге бұл ақпаратты халыққа түрлі жолмен жеткізу барысында, – дейді Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Жанна Тұрғанова.

Сондай-ақ жеңілдетілген декларация негізінде СНР қолданатын ЖК екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға электрондық алаңдар операторына олардың мобильдік қосымшасын пайдалану кезінде арнайы мобильдік қосымшаның чектерін қалыптастыруға өкілеттік беруге құқылы екендігі толықтырылды.

– Әлеуметтік төлемдерді есептеу «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер сомасын есептеуді арнайы мобильді қосымша ай сайын есепті келесі айдың 15-күнінен кешіктірмей жүргізеді. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер есепті келесі айдың 25-күнінен кешіктірілмей төленуге тиіс, – дейді салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы Румия Гафурова.

Мамандардың айтуынша, барлық кездесулер кез келген жаңа заңды халыққа дұрыс жеткізу үшін ұйымдастырылып отырылады.

Аяжан СЕРІК,
фотоны түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77