Новости Образование

Қарттарғат құрмет – жас ұрпаққа міндет

Оқушылар ардагер ұстаздарға арнап мерекелік бағдарлама ұйымдастырды

Қарттар күні мерекесіне орай Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта «Қарттарын ардақтаған ел ардақты» атты мерекелік іс-шара болып өтті.
Оған осы білім ордасында көп жылдар қатарынан қызмет етіп зейнеткерлікке шыққан ұлағатты ұстаздар шақырылды. Олар аталмыш білім ордасының шәкірттері дайындаған мерекелік бағдарламаны тамашалады.

Биылғы бұл мектептің ірге тасы қаланғанына тура 135 жыл толып отыр. Бүгінгі осы қарашаңырақта жиналып отырған ардагерлердің өз уақытында мектептің дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін қосқандары сөзсіз. Қарттар – біздің асыл қазынамыз ғана емес біздің тарихымыз.

Мерекелік кештің барысында, мектеп директоры Ырсалды Келинбердиева сөз сөйледі. Ол ұстаздық жолында аянбай тер төккен ардагер ұстаздарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Сонымен қатар шәкірт тәрбиелеуде атқарған орасаң еңбектеріне алғысын білдірді.

Оқушылардың арнайы дайындаған мерекелік концертін тамашалап, мәз-мейрам болған қариялар өздерінің жүрек жарды қуанышын білдіріп, алғыстарын айтты.
Олар мұнда кезінде бірге жұмыс істеген замандастарымен қауышып, әңгіме-дүкен құрып, көңілдері бір көтеріліп қалды.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77