Ұлттық спортты дамыту арқылы ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға жол ашылады
Соның негізінде ұлтының спортын, ойынын біліп өскен ұрпақ оның болмысын таниды, сол ұлтына деген құрметі оянады. Керек сәтте намыс оянып, жас буынның тарихи санасы жаңғырады. Осыған байланысты соңғы онжылдықтың көлемінде ұлттық спортты бредтке айналдыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Ұлттық спортқа үлесін қосып жүргендерде бар. Олардың бірі Аруна Сәбитбек. Ол дене шынықтыру мұғалімі, Sadaq atu Qostanaı «SAQ» федерациясының шәкірті.
– Аруна, аталмыш спорт түріне қалай келдіңіз?
– Бала күннен ағам садақ атуға қызығатын, сосын әкем өзі қолдан ағама оқтарын, жебесін және садақты жасап беретін. Үйдің ауласында ағам атып ойнап жүретін, бірақ ол кезде менде қызығушылығым аса бір қатты болмады. Себебі, бұл ер адамдарға ғана тән деп ойлайтынмын, одан кейін уақыт өте келе 2022 жылы мамыр айында мұғалімдер арасында Ұлан Бейсенбайұлы садақ атудан қызықты жарыс өткізді, ол жарыстағы садағымыз жеңіл, атуға оңай ойыншық іспетті болды, бірақ соның өзінде өте ерекше әсер қалдырды. Сол кезде әйелдер арасында мен І орынға ие болдым.
– Sadaq atu Qostanaı «SAQ» федерациясы жайында айтып өтсеңіз?
– Біраз жарыстарға қатысып жүргеннен соң жалпы садақ атуға қызығып, білімімді кәсіби түрде шыңдау үшін арнайы орындарды іздестірдім. Инсаграм желісінен Sadaq atu Qostanaı «SAQ» федерациясының парақшасын көріп, ойласа келе сабаққа жазылдым. Ұстазым Аяулым Аппазова алғашқы келген күннен бастап дәстүрлі садақ атудың қыр-сынып үйретті. Дәстүрлі садақ атумен айналысып жүргеніме биыл бір жыл толды.
Дәстүрлі садақ ату академиясының ашылғанына биылғы қараша айында екі жыл толады.
– Осы уақыт аралығында қандай жарыстарға қатыстыңыз?
– Соңғы барып келген жарысымыз Қазақстан Республикасының Ұлттық Спорт түрлерінен VI фестиваль. Аталмыш фестиваль төрт жылда бір болады, мен 30 метр жамбы атудан 3 орынды иелендім. Бұл жеке менің республикалық деңгейдегі алғашқы жүлдем. Оның алдында Наурыз мерекесі қарсаңында Қостанай қаласында өткен сайысында ересектер арасында жүлделі І орынға ие болдым. 2022 жылы қазан айында ҚР дәстүрлі садақ атудан тұңғыш І Чемпионаты Ақтау қаласында Жаңаөзенде өткізілді. Ол жерде үздік сегіздікке өттім, одан ары қарай өте алмадым. 2023 жылы сәуір айында Атырау қаласында «Алтын орда» халықаралық сайысы өтті. Маусым айында Алматы қаласында ҚР ІІ Чемпионаты өткізілді.
– Аз ғана уақыттың ішінде қаншама жарыстарға қатысып, орын алған екенсіз. Ұстазыңыз жайында айтып берсеңіз?
– Дәстүрлі садақ атудан ең үздік спортшы кім? десе мен ұстазымды айтар едім. Тек Қостанай облысынын емес, Қазақ елінің туын көтерген ардақты ұстазым Аппазова Аяулым Жумагазыевна. Тамыз айында «Namys» халықаралық жарысына Аппазова Аяулым Жумагазыевна Қостанай облысы атынан жалғыз өзі барып І орынға ие болды. Қазақстан Республикасында жалғыз алтын біздің ұстаздың қоржынында болды. Қыркүйек айының басында Румынияда өткен Әлем Кубогында Аяулым Жумагазыевна І орынға ие болып «Мастер международного класса» атағына ие болды. Алла қаласа шәкірті ретінде ұстазымның үмітін ақтаймын, осы республикалық фестивальде алған қола жүлдем мен үшін ерекше әсер қалдырды, ұстазымның қуанышында шек болмады. Жалпы өзім жұмыс істейтін мектептің директоры Қымбат Бірмановаға айтар алғысым шексіз, қандай жарыс болмасын мені жұмыстан босатып, қолдау көрсетіп әрқашан келісімін береді.
Расында, аттың құлағында ойнайтын қазақ садақ ату ісінде де шебер екендігі анық. Бірақ бұған да айрықша қолдау керек. Сонда ғана бұл спорттың да бұқаралық сипаты артып, жастардың қызығушылығы оянбақ.
Аяжан СЕРІК,
суретті ұсынған
кейіпкер
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77