Новости Социум

Арысқа көмек

Қостанай облысынан 30 тонна әлеуметтік көмек жөнелтілді

 Арыс қаласындағы азаматтарға көмек көрсету мақсатында  20 тонна ұн, 7 тонна макарон мен 3 тонна кондитерлік өнімдер тиелген көліктер жолға шықты.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың  басшылық етуімен арнайы жедел штабы құрылған еді.

– Жайсыз хабар жеткеннен-ақ Тобыл өңірінің жұртшылығы қиналған ағайынға қолдау білдіріп, қол ұшын беруге асықты. Мұқтаж жандарға қол ұшын созғысы келетін жекелеген адамдар Nur Otan партиясының филиалы жанынан құрылған арнайы бекетке бара алады.  Сын сәтте ынтымақ таныту маңызды, – дейді «Nur Otan» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Жаңабай Бисимбаев.

– Партияластар мен мекеме қызметкерлері бір күндік еңбек жалақысын Арыс тұрғындарына көмектесу үшін арнайы шотқа қаражат аударды. Қаржылай көмек көрсеткендердің арасында қостанайлық бизнес өкілдері де бар. Мысалы, жергілікті кәсіпкер, «Nur Otan»  партиясының мүшесі  Сергей Блок жағдайды естіген бойда бір миллион теңге, «Nur Otan»   партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, ҚР  Еңбек ері Азамат Тұрсынов  ол басшылық  ететін «Қарасу» ТПК серіктестігінің қызметкерлері  3,5 миллион тенге аударды,- дейді «Nur Otan» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары.

20 тоннадан астам ұнды «ОлжаАгро» серіктестігі арнайы көлікке тиеп жөнелтті.

–  «ОлжаАгро» серіктестігі 20 тонна ұн жіберіп отыр. Аптаның соңына дейін қосымша 40 тонна жөнелтілетін болады,- дейді «Олжа Агро» серіктестігінің басшысы Айдарбек Ходжаназаров.

Алғашқы әлеуметтік керуен Арыс қаласынеа жол тартты. Алайда қол ұшын беремін деген жандарға,  «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы Гоголь көшесі 111 бойынша күні-түні қабылдау жүргізеді.

Азық-түлік, алғашқы қажетті тауарлар, жеке гигиена құралдары және дәрі-дәрмектерді жинауға меценаттар, демеушілер, кәсіпорындар және өңірдің тұрғындары көмектесуде. Қазірдің өзінде қала-аудандардан, кәсіпкерлердің атынан жеткен жүктер бекет басына жинақталып жатыр. Бұл жұмыстар Арыстағы жағдай тұрақталғанша жалғаса береді дейді ұйымдастырушылар.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77