Образование

Ашаршылық – азалы жылдардың атасы, халық басына түскен үлкен нәубет

Қазақ халқының басынан өткен ең қиын-қыстау жылдарының бiрi – ашаршылық кезеңі

Бұл халық басына түскен нәубет. Ел арасында осы нәубетті басынан өткерген ата-апаларымыз бар. Олар бұл кезеңді асқан күрсініспен, күйзеліспен еске алады.

Торғайда туған Амандық Ғабдоллақызы аштық жылдарын өткермесе де, үлкен атасынан естіп білгенін баяндап берді.

– Аштық жайын ұлы әкемнің ауызынан естідім. Олар бірталай оқиғаның куәсі болған кісілер. Аштықтан аман қалу үшін өздері Орынбор және троиск жағына бүкіл туыс-туғандарын, бала-шағаларын алып барып аман қалған көрінеді. Күнкөріс қамымен балаларын пойыз жолының бойындағы жұмыстарға орналастырған. Аштық аяқталғаннан кейін, Пин және Жапон соғысының шет жағасын көріп, бастарынан өткерген. Дәл сол жылдары атамның бір баласын елдің белсенділері жала жауып қаралап, сол жақтан ұстап әкеткен болатын. Кейіннен жылдар өткен соң ақталып шықты. ОСы әңгімелерді үлкендерден естіп, құлағымда құйылып қалып қойғанын айтып отырмын. Азалы жылдар аяқталған соң туған ел Торғайға қоныс аударыпты. Бірақ, кей балаларын сол аштық кезінде приотқа алып кеткен көрінеді. Кеткен бола содан хабарсыз, әже-апаларымыз жылаумен өмірлерін өткізген. Кейінгі жылдары да шекеміздің шылқығаны шамалы. Аштықтың лебі есіп тұрды. Айтайын, 1949 жылдарғы соғыстан кейін сәуір айында қыс қатты болып, жол қатынасы үзіліп қалды. Сол кезде тамақтың да тапшылығы сезілді. Тек әскери отбасылар ғана тамақпен қамтылды. Халық өкіметтің азғантай жәрдемімен күн көріс етті. Бұл жағдай халықты екі бүйірінен қатты қысып жіберді. Салдарынан базардағы тамақтарды жұлып, тартып жеген екен. Аштықтан бөлек, ел арасында түрлі індеттің таралуы белең алды. Балалардың қызылша, сүзек деген ауруға шалдығуы көбейіп кетті. Бір үйден екі-үш балаға дейін ауру жалмаған сәттер жиілеп кетті. Тіпті артынан тұяқ қалмаған отбасылар да көп болды. Халықтың сәл беті бері қараған кезі 1954 жылдар еді. Тың көтеріліп, тың жерлерге күрең салынған болатын. Өзге ұлт өкілдері келіп, жерге егін салып, халықтың ауызына нан тиді, – дейді азалы жылдарды еске алған Амандық апа.

Апаның жалғыз тілегі бар, ол ұрпақтың амандығы. Бейбіт ғұрым кешіп, берекелі күннің шырқы ешқашан бұзылмаса екен дейді.

Тарих дерегіне үңілетін болсақ, Торға елі есеңгіреген тұста Жүсіпбек Аймауытов басқа да ұлт жанашырларымен бірлесіп ашаршылыққа ұшыраған елке көмек көрсету мақсатында өзі тікелей араласып, басқаларға үлі бола отырып жылу жинады.

Жылу малын жинаушы ұлт зиялыларының ел ішіндегі беделінің, ықпалының жоғарылығы, оларға деген халықтың сенімі болар 1922 жылдың жазында 7 мың бас мал жиналды. Жиналған малды шалғайда жатқан Торғай еліне апарып, ашыққан елге тарату жоспарланды. Оның себебі де бар еді. Біріншіден, орталықтан, сонымен бірге губерния орталығы Қостанайдың өзінен, әрі теміржолдан алыс Торғай уезі халқының жағдайы өте нашар болды. Оларға жол қашықтығынан көмек жетуі қиын еді.

Жолға шығу үшін қажетті керек жарақты дайындау, іздеп табу існе біршама уақыт кетеді. Осы аралықта мал айдайтын малшыларды жалдады, малшылар үшін қос, дәрі-дәрмек дайындады. Жиналған мал Қарқаралыда болғандықтан 1922 жылдың 19 тамызында шығып, 1 қыркүйекте Ақмолаға жетті.

Аштық басталған сол жылдары адам бойындағы жақсы сапалы қасиеттерімен қатар, жаман қасиеттері де байқалып көзге түсті. Ел-жұрттың бірі, жақсысы аштық қыспағына түскен халыққа қолындағысын бөліп беріп жанашырлық, бауырмалдық танытса, сонымен қатар, екінші біреулері, жаманы айтқалы отырғанымыз мал айдағандар арасында малды айырбастау, жоғалтып жіберу, ұрлау секілді қасиетерімен көрінді. Айдалған мал қыркүйек айының ортасында Торғай уезіне жетті. Жол бойы 172 бас сиыр – өлді, 46 бас сиыр – тамаққа жұмсалды, 9 бас – еңбек ақыға берілді, 22 бас мал – айырбасталды, 14 бас – киімге, басқа да керек жараққа жұмсалды, 2 бас мал жоғалды. Жылқыдан да шығын шықты. 94 бас жылқы – өлді, 21 бас – тамаққа жұмсалды, 145 бас – ақыға беріліп, 47 бас – айырбасталып, 2 бас – Қарқаралыда қалдырылды. Екі түйе өлді. Айдалған малдан 2082 бас сиыр, 1982 бас жылқы, 185 қой, барлығы 4249 бас мал Торғай жеріне жетті.

Айдап әкелінген малды Торғайға жетпей 200 шақырым жерле Жалдама өзені бойына қалдырып, Ж.Аймауытов Торғайға барып мал үлестіруге байланысты халықпен әкімшіліктің қатысуымен жиналыс жасады. Малды халыққа тарату үшін арнайы уездік комиссия құрылып, әр болыстан өкілдер кірді. Сонымен қатар, комиссия құрамына уездік аштар комиссиясының төрағасы Құлжанов пен ел ішінде ықпалды адамдардың бірі Б.Болғамбаев кірді. Осылай әкелінген мал Торғай еліне таратылып аштықтан қиналған жандарға көмек көрсетілді. Бұл арада Ж.Аймауытовтың ел таныған тұлға, адал азамат ретінде қызмет етті.

Өтеген ИСЕНОВ,
А.Байтұрсынов атындағы
Қостанай өңірлік университетінің профессоры,

Сандуғаш ТӨЛЕНБЕК,
А.Байтұрсынов атындағы
Қостанай өңірлік университетінің
Қазақ филологиясы факультетінің 1-курс студенті


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77