Социум

«Қашықтан оқытудың тиімді жолдары» атты әдістемелік отырыс өтті

Келесі жетіден бастап 7000-дай адам өздері қалаған тілді меңгеретін болады

Елімізде коронавирус дертінің алдын алу мақсатында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты барлық оқу, жұмыс істеу қашықтықтан жүзеге асырылып жатқаны белгілі.

Осы ретте #BizBirgemiz акциясы аясында Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Тілдарын» облыстық орталығы аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталықтарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Қашықтан оқытудың тиімді жолдары» атты онлайн форматта әдістемелік отырыс өткізді. Шара барысында орталық басшысы Ж.Ербатырова қашықтан оқытудың тиімді жолдары туралы жан-жақты баяндап берді.

Аталған онлайн әдістемелік отырыс барысында, тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Бақытгүл Сүлейменова орталық мамандарына еліміздегі төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуы жөнінде нұсқаулықтар таратты. Бұл нұсқаулықта әлем бойынша үлкен қауіп тудырып отырған жұқпалы дерттен қалай сақтану керектігі жөнінде жан-жақты айтылған.

«Сақтықта қорлық жоқ» демекші, елімізде осы дерттен сақтану мақсатында көптеген шектеулер қойылып жатыр. Осы шектеулерді мүлтіксіз орындаған кісінің бұл дертке шалдықпайтыны белгілі.

Сондай-ақ әдістемелік отырыста орталық оқытушылары А.Миркемелова мен Г.Крикпенова ZOOM бағдарламасы бойынша панорамалық сабақ үлгілерін көрсетті.

Қазіргі таңда өңірімізде 7000-дай адам қашықта тіл үйренуге дайын. Оларды қашықтан оқыту келесі жетіде басталатын болады.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77