Новости События

Қасиетті Рамазан айы қайырымдылыққа толы болды

Қостанайлықтардың дінге деген ықыласы артып келеді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігі үстіміздегі жылғы қасиетті Рамазан айын барынша мазмұнды әрі халықтың көкейінде ұзақ сақталатындай етіп өткізуге көп көңіл бөлді.

Соның бір жарқын айғағы ретінде облыстық мешітте Оразаның алғашқы күнінен бастап, ауызашар беру дәстүрі жалғасын тауып, қалың жұртшылығының ыстық ықыласына бөленді.

Осы жұма күні 50 көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен обасыларына азық-түлік ұсынылды. Ал халықаралық балалар күніне орай 10 велосипет тәттілерімен баларға тартылды.

Ал қасиетті Қадір түні өте ұйымшылдықпен өтті. Азаматтар Рамазанның шарапаты мол екендігін де айқын сезінді.

Осы кеште облыстық мешіттің наиб имамы Дархан Манарбекұлына және қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің найб имамы Дархан Исламбекұлына қызметтік пәтерлердің кілтін салтанатты түрде тапсырылды. Міне, бұл төрт пәтер Рамазандағы мешіт қызметкерлеріне берілген үлкен сый болды.

Қадір түнінің жоғары деңгейде өтуіне руханият жанашыры, облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен өзге де іскер азаматтардың ұйытқы болғандығын айтып өткеніміз абзал. Үлкенді-кішілі қауым олардың азаматтық қасиеттеріне дән риза болды.

Қадір түні облыстық мешітте сәресі де берілді. Жиналған жерлестеріміз Рамазан айының шарапаты мен қасиетін жете ұғынып, жастар жағы алдағы өмірлеріне тағылым боларлықтай игі әсер алды.

Мұндай басқосулар өңірдің барлық аудандары мен қалаларындағы мешіттерде де өткізілді. Ең бастысы, қостанайлық ағайындардың дінге деген ыстық ықыластары жылдан-жылға артып келеді.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77