Правопорядок

Қауіпті жарнама: Қостанайда 100-ден астам наркограффити жойылды

Қостанайда «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері наркограффитилерді бояу бойынша акция өткізді.

Іс-шара барысында студенттер тұрғын үйлер мен басқа да нысан қабырғаларындағы есірткі заттарын және оларды таратумен байланысты интернет-ресурстарды жарнамалайтын 100-ден астам күмәнді жазбаны анықтап, олардың көзін жойды.

– Бүгінгі акция – қаламызда есірткі құралдары туралы ақпараттың таралуын азайтуға бағытталған маңызды профилактикалық іс-шара. Заңсыз жарнаманы жою арқылы біз жастарымызды есірткінің зиянынан қорғаймыз, қаламызды қауіпіз етеміз. Әр өшірілген жазба қоғам қауіпсіздігіне қосылған үлкен үлес, – дейді Қостанай облысы ПД ЕҚҚІБ аға жедел уәкілі Әсел Ерденова.

Полиция қызметкерлері есірткінің заңсыз жарнамасының таралуына қарсы күрестің жалғасатынын атап өтті. Басты мақсат – нашақорлыққа жол бермеу, есірткі айналымының алдын алу.

Назгүл Азатқызы
Суреттерді Қостанай облысы ПД ұсынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77