Алайда, жағдай күрт нашарсаса қашықтан оқуға дайын болулары қажет
Облыста жаңа оқу жылының басталуын ұйымдастыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Білім басқармасының басшысының мәлімдеуінше, облыста 492 мектеп жұмыс істейді.
Оқу жылы 1 қыркүйектен бастап қашықтықтан білім беру жалғасатын болады, алайда бұл санатқа ауылдық жерлердегі мектептер жатпайды, Яғни, оқыту жүйесі өткен оқу жылының төртінші тоқсанындағы тәжірибеге сәйкес жүргізіледі.
– Облыста санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып, тұрақты оқуға арналған 13,9 мың оқушыны құрайтын шалғайдағы ауылдық елді мекендерде орналасқан 260 шағын мектептің тізімі анықталды. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне бұл мектептерді дезинфекциялау туннельдерімен, кварц шамдарымен, санитарлармен, оқушылар мен мұғалімдерді маскамен және қолғаппен қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау қажет, – деп атап өтті облыстық білім басқармасының басшысы Василий Цымбалюк.
Алайда, шалғай жатқан елді-мекендердегі ахуал күрт нашарлайтын болса, ол мектептер қашықтан білім беру жүйесіне көшуге дайын болулары қажет деп ескертті ол.
– Сонымен қатар, 1-5 сыныптардың параллельдігінде мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін және бейімделу кезеңінің күрделілігін ескере отырып, ата-аналармен келісе отырып және әр нақты мектепте тиісті жағдайлар болған кезде, 15 адамнан аспайтын кіші топтарға бөлінген кезекші сыныптар, оқу күндері ауысып отырады. Қатаң санитарлық шаралармен әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету керек. Кейбір пәндер, мысалы, музыка, өнер жұмысы, дене тәрбиесі, өзін-өзі тану, информатика сияқты пәндер қашықтықтан өткізіледі. Мұндай біріктірілген оқыту форматы, бір жағынан, жұқтыру қаупін азайтады, – деді Василий Цымбалюк.
Осыған байланысты, білім беру бөлімдерінің басшылары кезекші сыныптардың құрамын анықтау бойынша ата-аналармен мақсатты жұмысты тезірек жүргізіп, әр мектепте оқу процесін ұйымдастырудың сызбасын жасау қажет. Тиісті ұсыныстарды білім департаментіне ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін қабылдайды.
– Жазғы кезеңде 1,4 млрд теңгеге 6 мың компьютер сатып алынғанын, бұл аймақтағы білім беру ұйымдарының компьютерлік паркін 50% жаңартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бүгінде аймақтық кәсіподақ есебінен облыс мұғалімдеріне ноутбуктар сатып алу мәселесі қаралып жатқандығын айту керек, – деді ол.
Қалалар мен аудандардың әкімдеріне әр мұғалімді және әр мектеп оқушысын, ең алдымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды әр түрлі қаржыландыру тетіктерін қолдана отырып, ғаламтормен қамтамасыз ету тапсырылды.
– Әлеуметтік шиеленісті болдырмас үшін және жаңа оқу жылының басталуын ұйымдастыру үшін тегін оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында болуы керек. Білім бөлімі бұл мәселе бойынша күнделікті мониторинг жүргізеді. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарын бейнекамералармен қамтамасыз ету және жылы дәретханаларды орнату басымдықтардың бірі болып табылады, – деп қорытты Василий Цымбалюк.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77