10 регион ЖКХ

Ауылдық жерлерде тұрғындар сапалы судың жетіспеушілігі жайында айтуда

Қазіргі таңда таза ауыз суға қол жеткізу – қоғам үшін ең маңызды мәселелердің бірі. Әсіресе ауылдық жерлердегі тұрғындар сапалы судың жетіспеушілігінен зардап шегіп отырғаны жасырын емес.

Қостанай ауданындағы су тарату пункттерінің көпшілігі тек механикалық сүзгілер мен суды залалсыздандыру үшін ультракүлгін лампалармен жабдықталған. Алайда химиялық қоспаларды, ауыр металдарды және басқа зиянды элементтерді жоюға арналған арнайы тазарту технологияларының жоқтығы өзекті мәселе болып қала беруде.

Аудандағы су тарату пункттерінің ішінде ерекше назар аударатын жер – Белозерка ауылы. Мұнда жергілікті су сапасы көрсеткіштерге сәйкес келмегендіктен, арнайы тазарту станциясы орнатылған. Белозеркадағы СТП кері сүзу технологиясымен жабдықталған, бұл суды химиялық қоспалар мен зиянды элементтерден толық тазартып, оны ішуге қауіпсіз етеді. Алайда, бұл тәжірибе ауданның басқа ауылдарында әлі де қолданыс таппаған.

Жергілікті су тазарту станцияларының жұмысын қарастыра отырып, бірнеше ауылдың ерекшеліктеріне тоқталайық.

– Қостамар ауылында орналасқан су тазарту станциясы кері сүзу жүйесінсіз жұмыс істейді. Бұл станция 2013 жылы іске қосылып, тәулігіне 86,1 м³ су тазалайды. Алайда суды толықтай химиялық тазартудың болмауы бұл ауылда судың сапасын жақсарту қажеттігін көрсетеді. Тек механикалық тазарту мен негізгі сүзгілер арқылы тазартылған су денсаулыққа қауіп төндіретін химиялық элементтерден толық арылтылмауы мүмкін,- дейді өндірістік-техникалық бөлімнің басшысы Максим Степанюк.

Кері сүзу жүйесімен жабдықталған станциялар

Кейбір ауылдарда кері сүзу технологиясын енгізу арқылы сапалы су мәселесі тиімді шешілуде:
Алтын дала ауылында бұл технология 2020 жылы іске қосылған. Станция тәулігіне 143 м³ су тазартады.
Алтынсарин ауылының станциясы 2021 жылдан бері жұмыс істеп, тәулігіне 360 м³ су тазартуға қабілетті.
Садчиков ауылында орнатылған станцияның өнімділігі ең жоғары – тәулігіне 540 м³. Бұл 2022 жылы іске қосылған технологияның тиімділігі мен қажеттілігін көрсетеді.

Надеждин және Александров ауылдарында 2023 жылы пайдалануға берілген станциялар тиісінше 264 және 337 м³ су тазалай алады.

Мемлекеттік қолдау және қаржыландыру

Барлық станциялар мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып, халық игілігіне пайдалануға берілген. Бұл мемлекеттің ауыз су мәселесіне айрықша назар аударып отырғанының дәлелі. Әр станцияның қызмет ету мерзімі – 10 жыл, бұл уақыт ішінде тұрғындарға сапалы су жеткізу басты мақсат болып табылады.

Су сапасын жақсарту жолдары

– Қостамар ауылындағыдай су тазарту станцияларында кері осмос технологиясын енгізу мәселесін қарастыру керек. Бұл химиялық қоспалар мен зиянды элементтерден тазартылған су сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, басқа ауылдардағы станциялардың өнімділігі мен тазарту тиімділігіне тұрақты мониторинг жүргізу маңызды,- деп атап өтті Максим Степанюк.
Халық игілігі үшін сапалы су

Судың сапасын арттыру – тұрғындардың денсаулығын қорғаудың және тұрмыс жағдайын жақсартудың негізгі жолы. Су тазарту станцияларының тиімді жұмысы елді мекендердегі экологиялық ахуалды жақсартып, ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға айтарлықтай үлес қосады. Сондықтан жергілікті жерлерде су тазарту технологияларын енгізу мен дамыту – ұзақ мерзімді және маңызды инвестиция.

Дильназ ИЗДЕЛЮЕВА,
суретті ұсынған кейіпкер


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77