Көлікте жүргенде өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болса болғаны
13 ақпаннан бастап еліміздің азаматтарына көлікті тиісті құжаттарын алып жүрмей-ақ, тек жеке куәлікпен жүргізуіне болады.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған болатын.
Ерекше атап өтетін жайт, бұл жаңа заңның шет елден келген жүргізушілер мен елімізде тіркелмеген автокөліктің иелеріне еш қатысы жоқ. Олар бұрынғыша өздерімен көлікке тиісті құжаттардың барлығын бірге алып жүрулері тиіс.
Тек елімізде тіркелген автокөліктердің иелеріне ғана жеке куәлікпен жүре беруіне болады. Жол полиция қызметкерлері планшет арқылы олардың жеке куәліктерінің көмегімен автокөліктің техбайқауы мен сақтандыру полисін кез-келген жерде толық тексере алады.
Қабылданып, жақын арада жүзеге асқалы отырған жаңа заң жайында әрдайым көлік тізгіненде жүретін қала тұрғыны Нұрлан Қонысұлының пікірін сұрағанымызда, ол:
– Жеке куәліктің көмегімен көліктің басқа құжаттарын тексеру өте дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, осыған дейін көлігімнің тиісті құжаттарын ұмытып кетіп, қайтадан жарты жолдан үйге оралған кездерім болды. Кей кездері асығыс жолға шығып кетесің, сондай кездері бір бума көлік қағазын алдым ба алмадым ба деп бас қатырмайсың. Ең бастысы жеке куәлігің болса болғаны. Сондықтан бұл жаңа заң көлік жүргізушілері үшін өте қолайлы болады деген ойдамын. Осылай жаңа технологияларға машықтанып, көптеген мәселелердің шешімін табуға болады, – деді.
Елімізде енгізіліп отырған бұл жаңа заң халық үшін өте қолайлы болары анық.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Фото ашық ақпарат көзінен алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77