Қостанай қаласының №38 ҚАЖ мекемесінде отбасы күніне орайластырылған тамаша мәдени іс-шара өтті
ҚАЖ департаменті Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасымен бірлесіп И. Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры “Туған күніңізбен, анашым!” қойылымы көрсетілді.
– Іс-шараның мақсаты-сотталғандарға отбасының маңыздылығын еске салу, олардың бойында сыйластық, адалдық және жақындарына қамқорлық сезімдерін ояту. Спектакль оларды түзету үшін және қайтып оралуларын армандайтын туыстары бар екендігін көрсетуге арналған, – дейді Динара Сүлейменова Қостанай облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметкері.
Қойылымда бір-бірінің өмірінен бейхабар ағайынды үшеу анасының туған күніне қара шаңыраққа жиналады. Бала кезі өткен сол үй, сол жиһаз — бәрі орнында. Бірақ туған бауырлар біртүрлі жатырқайтын сияқты. Себебі күйбең тірлік оларды бір-бірінен әбден алыстатып жіберген.
– Қойылымнан көп нәрсе алуға болады. Ағайынды бір-бірімен тату бола білу керек, әрқашан қол үшін созып, қолдау маңызды екендігін түсіндік. Психологиялық тұрғыда әрқашан сені біреу күтіп отыратындығын, сен олар үшін маңызды адам екендігінді біле аламыз, – дейді сотталғандардың бірі.
Қойылым сотталғандарға қатты әсер етіп, түрлі эмоциялар білдірді, кейбіреулерінің көңіл-күйі көтерілді, басқаларының көздерінде үйі мен анасы туралы естеліктерден көз жасы пайда болды.
– Мұның барлығы өмірден алынған. Бізде де отбасымызда ағайын-туыспен кикілжіндер болып тұрады. Барлығы шынайы, әрине оны ешкім айта бермейді. Отбасы ішінде қалатын жағдай. Алайда, осылай соңында сөйлесіп, түсіністік танытатын адамдар аз. Отбасымды сағындым, – дейді сотталушы Ақберді.
Мекеме қызметкерлері мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр, өйткені олар сотталғандардың мінез-құлқын түзетуге оң әсер ететіндігін айта кетті.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген Лариса БОЖКО
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77