Бұдан бөлек, оқу орын 34 млн теңге көлеміндегі грантты жеңіп алды
Қостанай политехникалық колледжі тек облыс орталығында ғана емес, Қазақстанның шекарасынан тыс жерлерде де кеңінен танымал. Студенттер халықаралық байқаулардаоқу орын атағын асқақтатып жүр. Бұл оқу ордасы сапалы маман дайындап шығатындығына бірталайының көзі жеткен. Сол себепті де бітірген түлектерді кафе мен мейрамханаларда наубайханашы ретінде, кондитер маман, аспазретінде бірден қызметке алады. Сәуір айында Қостанайға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова бұған өзі де көз жеткізген болатын. Ол студенттердің өздері дайындаған тағамынан дәм татқанда, дәмді екенін айтып таңданысын жасыра алмады. Сонымен қатар, студенттер белсенді түрде WorldSkills жобасына және өзгеде бизнес-жобаларға атсалысыпәртүрлісыйлықтар жеңіп алып жүр.
Политехникалық жоғары колледждің (қазіргі А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ректоры) бұрынғы директоры Алма Дощанова,Коммерциялық емес акционерлік қоғам «Кәсіпқор» холдингі»-не өткен жылы өтінім бергенін айтты. Нәтижесінде жақында белгілі болғандай, колледж республикадағы үздік білім ордасы деп танылды. Сондай-ақ, ТжКБ ұйымы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі ұйымдастырған облыстық байқауда бағы жанып, 34 млн теңгенің грантын жеңіп алды.
–Бұл қомақты қаражатты бізге әлі аудармады. Оны тамыз конференциясында табыстайтындарын айтқан болатын. Қаражатты колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және өзге де жабдықтар сатып алуға жұмсайтын боламыз. Менің ойымша, бұл грант барша колледж қызметкерлерінің еңбегі, – дейді колледж директоры Құсайын Қаткенов.
Сералы Мырзабай
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77