Біздің Қостанай

«Қазақстандағы ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы ашаршылық босқындары: жаңа деректер мен зерттеулер»

Қостанайлық ғалымдардың ұйымдастыруымен республикалық дөңгелек үстел өтті

Л.Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК мен А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ және Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты бірлесіп 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Қазақстандағы ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы ашаршылық босқындары: жаңа деректер мен зерттеулер» атты республикалық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Аталған шараға республикаға танымал тарихшы-ғалымдар, өлкетанушылар қатысып қуғын-сүргін құрбандары мен 30 жылдардағы ашаршылық кезіндегі аштықтан қаза болғандар мен ата қонысынан Ресей мен Орта Азияға ауа көшкен ашаршылық құрбандарының тағдыр тәлкегінің тарихына арналған жаңа тың деректерімен ой бөлісті. Атап айтатын болсақ: 1930 жылы Тәжікстан және Түркіменстан елдеріне қоныс аударған қазақтар туралы деректер, Қазақстандағы ашаршылық туралы жаңа архивтік құжаттар, ашаршылықты зерттеуде өзекті мәселелер, қазіргі мектеп оқулықтарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары тақырыбына қатысты мәселелер туралы ой бөлсіп, пікір алысты.

Құдайбергенова Айжамал Ибрагимқызы Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы: «Ашаршылықты зерттеудегі өзекті мәселелер» тақырыбы бойынша архив деректері бойынша демографиялық мәселелер бойынша мәліметтер берді.

Нығметов Болат Сырымұлы С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор «Атырау өлкесіндегі 1930 жылдардағы ашаршылық: балық кәсібі» Атырау өлкесіндегі 1930 жылдардағы ашаршылық: балық кәсібі тақырыбына қатысты тың деректермен бөлісті.

Исенов Өтеген Ихсанұлы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты: «ХХ ғ. 30-жылдарындағы Тәжікстанға қоныс аударған қазақтар туралы деректер» тақырыбы бойынша зерттеулерге қатысты деректерге сүйене отырып, Тәжікістанға қоныс аударған қазақтардың көшінің кезеңдерімен ата қоныстан ауа көшіп кеткен байлар мен ашаршылыққа ұрынған босқындар туралы деректер туралы пікір бөлісті. «Өткен ғасырда сталиндік репрессия салдарынан қазақтың көптеген көзі ашық, зиялы қауымы жазықсыз атылып кетті. Бұдан бөлек 100 мыңдаған адам қамалып, айдауға түсіп, Сібірге жер аударылды. Кеңес Одағының солақай саясаты бойынша, отарланған ұлт бас көтере алмай, көзі ашық, саналы азаматтарының барлығы да қуғынға түсті. Президентіміздің жарлығы бойынша 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленген. Бүгінде репрессия құрбандарының басым көпшілігі ақталғанымен, жан жарасы жазыла қойған жоқ және жазылмақ та емес. Саяси қуғын-сүргін құрбандары ішінде Алаштың арыстары атанған Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы сынды көптеген қайраткерлеріміз бар», – деп ой қорытты белгілі тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Өтеген Ихсанұлы Исенов.

Уалтаева Алтын Сламқайдарқызы, Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, Ш.Уәлиханов атындағы институттың «Ғылым ордасы» ғылыми кадрларды даярлау орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «1926-1939 жылдар аралығындағы санақ кезеңіндегі Қазақстан халқы» тақырыбына қатысты мәселелерге қатысты деректерді саралады.

Ақтөбелік ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор – Абдуллаев Нұртаза Ақишанұлы 30 жылдардағы дін қызметкерлерінің қудалауға түскендігін естеліктер негізінде баяндап берді.

Шара соңында бір қатар тәжірбиелік ұсыныстар ұсынылды. Атап айтатын болсақ, «Репрессия құрбандарына арналған ЖОО студенттеріне антологиялық оқулық құрастыру мәселесін қолға алу керек және ағымдағы жылдың қазан айында осы тақырып бойынша Республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастыру жоспарда барын айтты, – А. Байтұрсынов ат. ҚӨУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, РhD доктор Рауан Байдалы.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77