2ГИС қаланың ең танымал компанияларын анықтайтын «2ГИС Премиясы» жобасының жеңімпаздарын атады. 2023 жылдың қорытындылары бойынша премия Қазақстанның 10 қаласынан 396 ұйымға бұйырды. Барлық компаниялар марапаттарын және жаңа клиенттерді тартуға мүмкіндік беретін геосервистегі айырмашылық белгілерін алды
«Қазақстандағы 2ГИС аудиториясы — айына 10 млн қолданушы. Олар 2ГИС Премиясының сарапшылары болып табылады, ал жоба алгоритмі қолданушылардың қай компанияларды таңдайтынын және ұсынатынын ескереді. Алгоритмді жалған бұрмалау немесе алдау мүмкін емес, онда дауыс беру немесе әділқазылар пікірі жоқ, ол қолданушылардың бүкіл 2023 жыл бойы белсенділігінің талдамасына негізделген, — дейді 2ГИС B2B-маркетингінің басшысы Александра Гейдек. — Біз 2ГИС Премиясын нарықтағы стандарттарды орнататын, клиенттерді бақытты қылатын, ал қалаларды жайлы және жарқын ететін бизнестерге алғыс айту үшін жасаймыз. Осы жоба арқылы Қазақстан қалаларының тұрғындары мен қонақтары алдыңғы қатарлы компанияларды тез табуға қосымша мүмкіндік алады».
Қоғамдық тамақтану, сұлулық саласының үздік мекемелерін, медициналық клиникалар, гүл салондарын, автосервистер мен қонақ үйлерді 30 000 орындар ішінен таңдап алды. Геосервис алгоритмі соңғы жыл ішінде тұрғындар мен туристер картада және анықтамалықта қандай компанияларды жиі іздегенін, қайда ең көп хабарласып, мессенджерларда жазғанын, қайда бағыт құрғанын, нені белсенді фотоға түсіргенін, пікірлерде нені мақтап, кімге жоғары баға бергенін есептеді.
«Тамақтану» категориясындағы жеңімпаздар
Үздік барлар, мейрамханалар, дәмханалар, кофеханалар және қоғамдық тамақтанудың басқа да мекемелерін ХХ мың орындар ішінен таңдады. Қазақстанда 2023 жылдың «2ГИС Премиясы» иегерлері 33 кофехана, 31 дәмхана, 18 мейрамхана, 15 бар, 30 кондитерлік дүкен мен 3 стритфуд орны болды.
Авто
Авто саласындағы жеңімпаздарды автосервистер (автомобильдерді диагностикадан өткізу мен жөндеу қызметтері) мен детейлинг-студия (автомобильді күту бойынша мамандандырылған процедуралар кешенін орындайтын компаниялар) ішінен таңдады. Барлығы Авто рубрикасында 40 үздік компанияны анықтады.
Сұлулық
Сұлулық саласында 2023 жылы геосервис қолданушылары 96 үздік компанияны анықтады. Олардың ішінде 28 сұлулық салоны, 29 барбершоп, 19 тырнақ студиялары, 20 шаштараз, 10 SPA-орталықтары және 10 массаж салоны.
Гүлдер
«Гүлдер» санатындағы жеңімпаздар гүлдерді офлайн, яғни келіп, гүлшоқтарын сол жерде таңдап алуға болатын гүл салондары мен дүкендері болды. Үздік гүл салондарын ХХХ орындар ішінен таңдады. Барлығы Қазақстанның 8 қаласынан бұл номинациядағы жеңімпаздар саны – 29.
Денсаулық
«Денсаулық» категориясында осы жылы үздік тіс емханалары мен үздік медициналық орталықтарды таңдады. 2ГИС алгоритмі геосервистегі екі мыңнан астам көпбейінді медициналық орталықтардағы пікірлерді, бағаларды және белсенділікті сараптап, 41 жеңімпазды анықтады.
Қонақ үйлер
«Қонақ үйлер» рубрикасында жеңімпаздарды анықтау үшін алгоритм ХХХ астам компанияны қарастырды. Олардың ішінен 8 қалада 19 қонақ үй үздік болды. Жеңімпаздарды анықтау үшін басқа номинацияларда сияқты рейтинг (4.5☆ бастап), пікірлер саны мен сапасы, фотолар саны мен карточкалардағы белсенділік ескерілді.
2ГИС қолданушыларының нұсқасы бойынша жыл компаниялары Қазақстан Республикасының тоғыз қаласында жарияланды – Алматы, Астана, Көкшетау, Павлодар, Петропавловск, Орал, Өскемен, Шымкент және Шортанды-Бурабай курорттық аймағы.
2ГИС қолданушыларының нұсқасы бойынша 2023 жылдың үздік компаниялары геосервисте айырмашылық белгілерімен белгіленді. Жеңімпаздарды табу үшін іздеуде «2ГИС Премиясы» деп енгізу немесе бастапқы беттегі жоба батырмасын басу жеткілікті. Лауреаттарды да дәл солай рубриканы іздеу нәтижелерінде «2ГИС Премиясы» фильтрінің көмегімен табуға болады.
→ Жоба жөніндегі қысқаша бейнебаян.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77