Декреттік демалыста болған көптеген әйелдер бұл уақытты қалай тиімді пайдалану керектігін ойлайды. Университетті бітірген Аружан декреттік демалысқа шығып өзінің жеке ісін ашу туралы көптен бергі арманын жүзеге асыруға мүмкіндік болды. Уақытты ысырап еткісі келмей, ол өзін жаңа бағытта сынап көруді шешіп, бамперболды жалға беру бизнесін бастады.
Жаңа нәрсемен айналысу идеясы өздігінен пайда болды. Бұл ойын тек қала тұрғындары үшін қызықты болып қана қоймай, болашағы бар бизнес болуы мүмкін екенін түсінді. “Тәукелдің кемесі
суға салса, батпайды” дейді кейіпкеріміз.
– Жасым жиырма төртте, бір жасар қызымыз бар, ауыл шаруашылығы ғылымдар магистрімін. Жолдасым спорт саласында жұмыс істейді. Спортқа өте жақын адам. Мен болсам шығармашылыққа жақынмын, бір жерде бос отыра алмаймын. Декреттік демалыс маған қиынға түсті. 1 жыл үйде отырып, бір-біріне ұқсас күндердің бірінде үй тірлігінен шаршап кеттім. Алладан күнде идея сұрай бастадым. Қоғамға пайдалы, әрі сұраныста болатын дүние қаладым. 2023 жылдың соңында «ТикТок» желісінен бампербол ойынын көрдім. Мен үшін бұрын-соңды естімеген сөз, былайша айтқанда «шардың ішіндегі футбол». Шыны керек бірден қызықтым, тіпті тезірек ойнап көргім келді, – дейді Аружан.
Бампербол – бұл қатысушылар үлкен үрлемелі шарларды киіп, допты қарсыластың қақпасына соғуға тырысатын ойын. Бұл ойын өзінің қарапайымдылығымен, қауіпсіздігімен және көңілді бәсекелестік рухымен танымал болды. Бампербол корпоративтік іс-шараларға, туған күндерге және басқа да жаппай мерекелерге жарамды, бұл оны кең аудитория арасында сұранысқа ие етеді.
Аружандар үшін алғашқы қадам нарықты зерттеу және жабдық жеткізушілерін табу болды. Ол әртүрлі ұсыныстарды мұқият зерттеп, ойнау үшін сапалы және сенімді үрлемелі шарларды таңдады. Әрі қарай, ойын өтетін орынмен мәселені шешу керек болды. Аружан өз қаласынан бірнеше қолайлы орындарды тауып, оларды жалға алу туралы келісімдер жүргізді.
– Зерттей бастадым, өте пайдалы ойын түрінде өткізілетін спорттың бір түрі екен. Әсіресе футбол ұнататын адамдар үшін қызық. Тіпті әлемге танымал испандық «Барселона» командасы бампербол ойынын ойнап денелерін жаттықтырады екен. Жас айырмашылығы жоқ, балалар мен үлкен кісілер де ойнай алады. Маған бірден бұл идея ұнады, неге біздің қаламыздан ашпасқа деп Аллаға тәуекел етіп, декреттен түскен ақшаны шарларға жұмсадық, жолдасым мені барынша қолдады, – деп түсіндірді.
Алғашқы клиенттерді тарту үшін Аружан әлеуметтік желілерде беттер құрып, интернетте жарнама бастады. Ол сондай-ақ адамдар бамперболды сынап көруі және достарымен өз тәжірибелерімен бөлісуі үшін тегін сынақ ойындарын ұйымдастырды. Бастапқыда тұрақты акциялар, конкурстар және әлеуметтік медиа аудиториясымен өзара әрекеттесу бамперболға деген қызығушылықты сақтауға және жаңа клиенттерді тартуға көмектесті.
Ары қарай сарафонное радио және оң пікірлер одан да көп адамдарды тартты.
– Аналарға берер кеңесім, тәуекелге барып, ештеңеден қорықпау. Бізді шектейтін жалғыз нəрсе – бұл біздің ойлау қабілетіміз. «Әйел – бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген жақсы сөз бар. Декреттегі ана болып, тек үйде отыру деген шектеуді бұзуға болады. Оған дәлел ретінде қазіргі кәсібімді айта аламын. Үйде отырып балаға көңіл бөліп, сүйікті ісіңмен де айналысуға болады. Декреттегі аналардың ойында көп идея бар, бірақ көбісінің идеясы, идея болып қалып кетеді. Егер де елге пайдалы болғымыз келсек, біз әлемді өзгерте аламыз, – дейді Аружан Жиенғали.
Жас ананың бала күтімі мен өз бизнесін дамыту арасындағы тепе-теңдікті қалай таба алатынының жарқын мысалы. Оның бамперболды ұйымдастырудағы жетістігі, егер сіз қаласаңыз және табандылық танытсаңыз, декреттік демалыста болсаңыз да, көп нәрсеге қол жеткізуге болатындығын көрсетеді. Өз ісіңізді ашу табыс әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар өмірдің осындай маңызды кезеңінде әйелдер үшін өте маңызды болып табылатын сұранысқа ие және іске асырылған сезінуге мүмкіндік береді.
Аяжан СЕРІК,
суреттерді ұсынған автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77