Біздің Қостанай Здравоохранение

Қазіргі таңда сұранысқа ие қосымша өнімдер Қостанайда да танымал

Мемлекет салауатты ұлт қалыптастыру жолында түрлі бағдарламалар қабылдап, халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған нақты қадамдар жасауда.

Әсіресе, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру, спортпен шұғылдануға жағдай жасау, профилактикалық медицинаны дамыту сынды бастамалар басты назарда. Соңғы жылдары биологиялық белсенді қоспалар туралы да жиі айтылып жүр. Алайда олардың адам ағзасына тигізетін нақты пайдасы қандай? Бұл өнімдер мемлекет жүргізіп отырған саясатпен үндесе ме? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын «НК» тілшілері іздеп көрді.

Соңғы жылдары адамдардың денсаулығына деген қызығушылығы артып келеді. Әсіресе дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, иммунитетті күшейту, артық салмақтан арылу тақырыптары күн тәртібінен түскен емес. Күн сайын әлеуметтік желілер мен түрлі ақпарат құралдарында «салауатты өмір салты» ұғымы кеңінен насихатталуда. Алайда осы үрдістің аясында ерекше назар аудартатын бір бағыт бар — ол биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ).

Қарапайым тілмен айтқанда, бұл — дәрумендер, минералдар, шөптер және басқа да табиғи заттардың концентраттары, яғни ағзаның қажеттілігін толықтыратын қосымша өнімдер. Қазіргі таңда ББҚ-ны қабылдамайтын адам аз. Бірі темір жетіспеушілігіне байланысты ішсе, енді бірі артық салмақтан арылу үшін тұтынады. Қостанай өңірінде де бұл өнімдерге деген сұраныс артып келеді. Мұны арнайы дүкендерде жұмыс істейтін консультанттар да растап отыр.

ББҚ не үшін қажет?

Диетолог, нутрициолог Наталья Олейниктің айтуынша, ББҚ-ға бейтарап әрі дұрыс көзқараспен қарау қажет.

— Егер адамда нақты медициналық көрсеткіштер болса, ББҚ пайдалы бола алады. Бірақ бұл өнімдерді тек дәрігер немесе нутрициологтың бақылауымен ғана қабылдаған жөн. Өкінішке қарай, көпшілік оны тек жарнама немесе таныс-туыстың кеңесімен ішеді. Бұл – денсаулыққа қауіпті. Кей жағдайда адам пайда орнына зиян шегуі мүмкін, — дейді маман.

Оның айтуынша, ББҚ мынадай жағдайларда қажет болуы мүмкін. Ағзада зертханалық жолмен анықталған дәрумен жетіспеушілігі кезінде (мысалы, D дәрумені, темір, B12); Жүктілік және лактация кезеңдерінде; Физикалық немесе ақыл-ой жүктемесі жоғары адамдарда; Вегетариандар мен қатаң диета ұстанушыларда; Созылмалы аурулары бар науқастарда.

Зияны қай кезде туындайды?

Қазіргі таңда ББҚ-ның түрі өте көп. Әсіресе арықтауға көмектесетін, энергия беретін немесе көңіл күйді жақсартатын түрлері кеңінен сатылуда. Алайда олардың барлығы бірдей қауіпсіз емес.

Қостанайдағы ББҚ дүкенінде кеңесші болып жұмыс істейтін Оксана Мендекинова бұл жөнінде былай дейді:

— Мысалы, арықтауға арналған май жаққыш қоспалар бар. Бірақ олар жүрек-қан тамырлары аурулары, жоғары қан қысымы, қант диабеті немесе қалқанша безінің проблемалары бар адамдар үшін арнайы тексерілістен өткеннен кейін ғана дәрігердің кеңесімен қолдануға болады. Өкінішке қарай, адамдар бұны білмей қабылдай береді. Біз әр клиенттен денсаулық жағдайын сұраймыз. Меніңше, осындай дүкендерде жұмыс істейтін консультанттар міндетті түрде арнайы курстан өтуі керек, — дейді ол.

Оның айтуынша, артық салмақтың себебін анықтамай тұрып, май жағатын ББҚ-ларды қабылдау тек аз уақыттық көрсеткішке ие.

— Бізге арықтағысы келетіндер жиі келеді. Қалқанша безі жұмысының бұзылуы, инсулинге төзімділік, стресс, ұйқының бұзылуы – мұның бәрі себеп бола алады. Сондықтан да алдымен медициналық тексеруден өту керек, — дейді Оксана.

Бүгінде ББҚ-ны тек ересектер ғана емес, балалар үшін де сатып алатындар көбейіп келеді. Бұған баланың дамуы, сөйлеу қабілеті, зейіннің шоғырлану деңгейі сияқты факторлар әсер етуде.

— Бізге баласымен бірге келетін ата-аналар саны артты. Көбі сөйлеу қабілеті дамымаған немесе аутизм спектріндегі, зейін тапшылығы мен гиперактивтілік синдромы диагнозы қойылған балалардың ата-аналары. Олар барлық жерге барып көрген соң, нәтиже болмағандықтан, бізге жүгінеді. Біз тамақтану, дәрумен жетіспеушілігі секілді факторларға мән береміз. Кей балалар біз ұсынған дәрумендік кешендерден кейін сөйлей бастайды. Әрине, бұл — 100% нәтиже береді деген сөз емес. Бірақ дұрыс тамақтану мен ББҚ-ның көмегі орасан болуы мүмкін, — дейді Оксана Мендекинова.

Бренд пен сапа — басты талап

Қазіргі таңда маркетплейстер мен интернет-дүкендерде ББҚ-лар арзан бағамен сатылуда. Алайда бұл да — үлкен қауіп. Себебі кім сататыны, қандай жағдайда сақталғаны, қай елде өндірілгені белгісіз өнімдер көп.

— Біз клиенттерге тек сенімді өндірушілердің өнімін ұсынамыз. АҚШ, Норвегия, Ресей, Түркиядан жеткізілетін қоспалар сұранысқа ие. Америкада өндірілетін өнімдер өте сапалы, оларда стандарттар қатал. Ал интернеттен тапсырыс беру кезінде тұтынушы өндірушіні де, кеңес берушіні де көрмейді. Сондықтан бағасына қызығып, денсаулығын тәуекелге тіккендер аз емес, — дейді дүкен консультанты.

ББҚ-ны дұрыс қабылдау — оның тиімділігін арттырудың басты кепілі. Сондықтан мына қағидаларды есте ұстаған жөн. Алдымен дәрігерге немесе нутрициологқа жүгініңіз. Қан талдауы арқылы қандай дәрумен жетіспейтінін анықтаңыз. Сенімді дүкендер мен өндірушілерден ғана сатып алыңыз. Нұсқаулықты мұқият оқып, мөлшерін асырмаңыз.Ең бастысы — ББҚ ем емес, тек қосымша құрал екенін ұмытпаңыз.

Қазақстанда биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) заңнамамен қатаң реттеледі. Мемлекеттік тіркеуден өтпеген немесе құрамында денсаулыққа зиянды заттар бар өнімдерді өндіруге, сатуға және жарнамалауға тыйым салынады .

Қазақстанда Ali Caps – Ресейде өндірілген, Sealex Forte – Ресейде өндірілген, Samilev – Италияда өндірілген, CartyJoin Forte – Италияда өндірілген ББҚ-лардың мемлекеттік тіркеуі жойылған немесе олардың сатылымына тыйым салынған. Бұл өнімдердің тіркеуі олардың Кеден одағы аумағына импортталуы тоқтатылғандықтан немесе өндірушінің шешімімен жойылған. Сондай-ақ, құрамында денсаулыққа зиянды заттар бар немесе жалған ақпаратпен жарнамаланған келесі ББҚ-лар қауіпті деп танылған. Олардың ішінде «Лицетинмен мадерия» бальзамы, «Алкостопин Форте», «Литомасло «Ер күші». Бұл өнімдер Қазақстанда тіркелмеген және олардың жарнамасы тұтынушыларды жаңылдыруы мүмкін.

Денсаулығын күтуге тырысатын азаматтар табиғи дәрумендер мен өсімдік тектес өнімдерге бет бұрып жатыр. Әлеуметтік желілерде, интернет-дүкендерде түрлі ББҚ-лар кеңінен жарнамаланып, сату көрсеткіштері жыл сайын өсуде. Қазақстанда сұранысқа ие ББҚ түрлері жайында айтатын болсақ. Бұл омега-3 май қышқылдары – жүрек-қан тамырларының жұмысын жақсарту үшін қабылданады. Бұл қоспалар көбіне балық майынан жасалады.D дәрумені – күннің жетіспеушілігіне байланысты, әсіресе қыста көп тұтынылады. Иммунитетті нығайтуға көмектеседі. Магний мен В6 дәрумені – жүйке жүйесін тыныштандыру және ұйқыны реттеу мақсатында қабылданады. Коллаген – тері серпімділігін сақтау, шаш пен тырнақтың сапасын жақсарту үшін әйелдер арасында кең таралған. Цинк пен селен – тері, шаш, иммунитет үшін пайдалы. Вирусқа қарсы әсері жиі аталады. Пробиотиктер – ішек микрофлорасын қалыпқа келтіру үшін қолданылады. Куркумин (куркума сығындысы) – қабынуға қарсы әсері бар, буын ауруларына қолданады.

– Мен ауруханаға барып, барлық қажетті анализдерді тапсырдым. Нәтижесінде кейбір дәрумендердің мөлшері төмен екені анықталды. Дәрігердің кеңесі бойынша дәл сол жетіспейтін дәрумендерді қамтитын арнайы биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) сатып алдым. Әр адамның ағзасы әртүрлі болғандықтан, өз бетінше емес, тек маманның нұсқауымен қабылдаған жөн екенін түсіндім,- дейді қала тұрғыны Лейла Шебекова.

Көптеген азаматтар дәрі-дәрмектен гөрі табиғи қоспаларға сенім артады. Сонымен қатар, блогерлер мен инфлюенсерлердің жарнамасы да өз әсерін тигізуде. Айта кететін жайт биологиялық белсенді қоспалар міндетті түрде тіркеуден өтуі тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, барлық биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарына сай келіп, мемлекеттік тіркеуден өтуі қажет. Бұл тіркеу egov.kz электронды үкімет порталы арқылы жүргізіледі. Тіркеусіз сатылатын қоспалар адам денсаулығына қауіпті болуы мүмкін, себебі олардың құрамында не бар екені белгісіз. Сондықтан тұтынушылар өнім сатып алмас бұрын, оның тіркелген-тіркелмегенін тексергені жөн. Бұл – өз денсаулығына деген жауапкершілік пен қауіпсіздіктің кепілі.

Тұтынушыларға кеңес

Мемлекеттік тіркеу куәлігін сұраңыз. ББҚ сатып алғанда, сатушыдан мемлекеттік тіркеу куәлігін көрсетуін талап етіңіз. Ресми тізілімдерді тексеріңіз: Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі порталы арқылы ББҚ-ның тіркелгенін тексеруге болады.

Күмәнді өнімдерден аулақ болыңыз: Интернет арқылы немесе белгісіз көздерден сатып алынған, тіркеу куәлігі жоқ өнімдерден бас тартыңыз.

Егер сіз белгілі бір ББҚ туралы нақты ақпарат қажет етсеңіз, оның атауын немесе өндірушісін көрсетіңіз, мен сізге қосымша мәліметтер беруге дайынмын.

ББҚ — сиқырлы дәрі емес. Ол ағзадағы нақты жетіспеушілікті толықтыратын қосымша көмекші ғана. Дұрыс қолданылған жағдайда иммунитетті көтеріп, өмір сапасын арттырады. Бірақ өз бетінше қабылдау, дұрыс емес мөлшер немесе сапасыз өнім денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан кез келген қоспа қабылдар алдында ең алдымен маман кеңесіне жүгіну — денсаулықты сақтаудың ең сенімді жолы.

ББҚ атауы Қолдану мақсаты Өндіруші ел
1 Витамин D3 Иммунитет, сүйек жүйесі АҚШ, Ресей
2 Омега-3 Миға, жүрекке, көру қабілетіне Норвегия, АҚШ
3 Темір (железо) Қан аздығына қарсы Ресей, Түркия
4 Коллаген Тері, шаш, тырнақ, буындар АҚШ, Корея
5 Пробиотиктер Ішек микрофлорасын қалпына келтіру АҚШ, Ресей
6 Май жаққыш комплекстер Арықтау, зат алмасуды жеделдету АҚШ
7 Магний + В6 Ұйқысыздық, күйзеліс, бұлшық еттің тырысуы АҚШ, Ресей
8 Йод Қалқанша безі қызметін қолдау Ресей, АҚШ

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген
Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77