Ақпарат лезде таралатын қазіргі әлемде бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді қарым-қатынас жасау мүмкіндігі әртүрлі кәсіптердің өкілдері үшін негізгі дағдылардың біріне айналды
Саясаткерлер, кәсіпкерлер, қоғаммен байланыс мамандары, тіпті ғалымдар өз идеяларын аудиторияға сауатты және сенімді түрде жеткізу үшін қарым-қатынас дағдыларын қажет етеді. Дәл осы үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен және аудиториямен қарым-қатынас жасау қабілетін жақсартуға бағытталған медиа-тренингтер бар.
Қазіргі таңда осындай тренингтер жиі өткізіліп жатыр. Міне, алдыңғы аптада «Breaking Trends» халықаралық медиа-мектебі және «Север-Юг» ұйымы еліміздің түкпір-түкпірінен журналистер мен блогерлерді жинап тренинг өткізді. Төрт күн бойы Ақтөбе қаласында «РИКА-ТВ» телекомпаниясының базасында Қазақстан мен Ресей қалаларынан 30 танымал блогерлер мен журналистер тәжірибелерімен бөлісті, шеберлік сыныптарына қатысты. «Ғаламдық медиа кеңістіктегі интернет-журналистика: типология, ерекшелік, форматтар» медиа-мектебі шеңберінде мамандықтың қыр-сыры түсіндірілді.
– Заманауи медиа платформаларды құру, интернеттегі жұмыс құралдары мен құпиялары, аудиторияны тарту, құқықтық қорғау, тәуекелдер – бұл медиа мектептің дәрістері мен практикалық сабақтарының шағын тізімі көрсетілді. Бұл жерде тек жаңа нәрселерді біліп қана қоймай, әр сала өкілдерімен танысып, алдағы уақытта жақсы қарым-қатынас ұстану, – дейді ұйымдастырушылардың бірі Виктория Загитова.
Биліктің де, журналистердің де қазір көріп отырған басты проблемаларының бірі – заңнамалық базаны білмеу. Бізде қазір мыңдаған жазылушылары бар белгілі басылымдар да, блогерлер де бар, бірақ интернет ерекше реттелмегендіктен, осындай оқыту жұмыстары талап етіледі. Дегенмен де мұндай тренингтердің дұрыс жасалуы, дұрыс спикер таңдалуы маңызды. Егер спикер аудиоториямен байланыста болып, бірге жұмыс жасамаса онда өткізген уақыт зая кетеді.
– Мысалы, тренингтің екінші-үшінші күндері, бастапқыдай қарқынды және нәтижелі болды деп айта алмаймыз. Өйткені спикерлер тек лекция оқып отырған тәрізді болды. Бізден сұрап, не болмаса ойымызды айту қиынға соқты, екі сағат бойы бір адамның сөйлегені жалықтырып жіберді, – дейді қатысушылардың бірі Рустам.
Осылайша, Ақтөбе қаласындағы блогерлер мен журналистерге арналған Медиа Мектеп интернет-журналистика және медиа-өндіріс саласында кәсіби дамуға және тәжірибе алмасуға ықпал ететін маңызды оқиға болды. Ал спикерлердің арасында аудиоториямен жақсы жұмыс істей алатын адам бірден байқалып тұрды. Ол жерде кері байланыста, өзінің білгенін жеткізу процесі де жүріп жатты.
Медиа-тренингтер коммуникация және қоғаммен қарым-қатынас дағдыларын дамытудың маңызды құралы болып табылады. Қазіргі ақпараттық кеңістікте олардың маңыздылығын асыра бағалау қиын. Медиа-тренингтерді тиімді пайдалану бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесу сапасын едәуір жақсартуға, көпшілік алдында сөйлеуге деген сенімділікті арттыруға және жағымды имидж қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл оларды кәсіби өсу мен әртүрлі қызмет салаларында табысқа жету үшін қажет етеді.
Аяжан СЕРІК,
суретті ұсынған автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77