Біздің Қостанай Социум

Бүгін қалалық әкімдікте мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өтті

Іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметтерді алу түрлері, тәртібі, тәсілдері туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру

– Жыл сайын қызмет көрсететін мемлекеттік органдар жұмысы артып келеді. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 2 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Енді осыған орай біздің басты мақсатымыз меклекеттік қызметтер сапасын көтеру арқылы және халықпен керібайланыс орнату. Бұл іс-шара барлық облыс бойынша өтіп жатыр, келіп жатқан адам саны да аз емес. Оған қоса қазіргі кезде 98% мемлекеттік жұмыс цифрлық форматта өтіп жатыр, қалған 2% қағаз түрінде жүргізіледі. Алдағы жылдарда толықтай цифрлық форматқа көшу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, жәрмеңкеден басқа азаматтарды қабылдау да өткізіледі. Азаматтар бізге тікелей жүгіне алады. Себебі, заңнаманың дұрыс орындалмауына байланысты мәселелер жиі кездеседі және азаматтар қандай да бір қызметті ала алмайды. Мұнда біз бірлесіп ұсыныстар ұсынамыз, сондай-ақ проблемалық мәселелерді жоғары тұрған мемлекеттік органдарға жолдаймыз, – дейді мемлкеттік қызмет істері агентігіннің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары Гульмира Кабиева.

Қала тұрғындары денсаулық сақтау, жер қатынастары, тұрғын үй қатынастары, білім беру, сәулет, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, ветеринария, мемлекеттік қызмет және т. б. салалардағы қызметтер бойынша, сондай – ақ лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне шағымдану мәселелері бойынша консультациялар ала алады.

– Мен әлеуметтік желіден мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өтетіндігін біліп келіп отырмын. Басты мәселем жермен байланысты, оны қалай алуға болады, қандай құжаттар қажет. Барлық керекті ақпаратты біле алдым, керекті құжаттар тізімінде берді. Жәрмеңкеде барлық салалар бойынша қызметкерлер отыр, кез келеген сұраққа жауап бере алады, менің ойымша бұл өте ыңғайлы, – дейді жәрмеңкеге келген қала тұрғыны Асия Муканова.

Бұл алаң қызмет беруші органдармен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді, өйткені онда қызмет көрсету мерзімдері, бизнес-процестер, талап етілетін құжаттар, ақпараттық жүйелерді интеграциялау сияқты мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімдерін оңайлату мүмкіндігі талқыланады.

Аяжан СЕРIК


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77