Біздің Қостанай Социум

Бүгін елімізде кезектен тыс президенттік сайлау өтуде

Қостанай қаласында 745 сайлау участкесі жұмыс істейді. Соның ішінде Ө. Сұлтанғазин атындағы институтта орналасқан №16 сайлау учаскесінде 1579 адам бекітілген.

Коммисия құрамы, адамдар ақырындап келіп жатқандығын, сонымен қатар тізімде көптеген студенттер бар екенін атап өтті.

Пушкина 133 және 138 көшелеріндегі жатаханада тұратын студенттердің барлығы осы участкеде тіркелген.

– Мен сайлауға бірінші рет қатысып тұрмын. Әр адамның дауысы маңызды екендігін біліп, бірге тұратын қыздармен келдім. Барлығы өз таңдауын жасап, елімізге үлес қоса алдық деген ойдамын, – дейді А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ студенті Шакуова Амина.

Айта кетейік, сайлау сағат 20:00-ге дейін өтеді. Еліміздің әр азаматы өзі қалаған кандидантқа дауыс бере отырып, елінің болашағына үлес қоса алады.

Аяжан СЕРIК, фотоны түсірген

Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77