Біздің Қостанай Социум

Бүгін – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні

Бүгін ақын, публицист, қоғам қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Осыған орай Л.Н. Толстой атындағы әмбепаб ғылыми кітапханасында “Шабыттың мініп тұрпарын” атты Байтұрсынұлы оқулары өтті.

Ахмет Байтұрсынұлы ұлттың рухын биіктеткен, әдебиетке, тілге өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға.

– Ахмет үшін, Ахметті іздейтін ерекше күн, оның себебі дәл осы күні Ахмет туған еді. Оған дейін көп жылдар бойы оның туған нақты күні анықталған. Көптеген тарихшылар жалған ақпарат беріп, қаңтар айы деген. Міне, осы жетістікке қол жеткенімізге көп уақыт болған жоқ. Енді ол жайында еңбектердің біразы жарық көрді, әлі де шықпағаны қаншама. 1988 жылы Ахмет ақталғаннан бері ол жайында ақпарат іздеп, тұрған, барған жерлерінің ізімен жүріп келемін. 82 жасқа жеттім, әлі де баратын жерлерім бар, – дейді ахметтанушы Ибраһим Ағытайұлы.

Ақынның өлеңдері оқылып қана қоймай, шырқалып та өтті.

– Мәнерлеп оқу, сөз құдіретіне, түрлі конкурстарға 6 сыныптан бастап қатысамын. Ахмет Байтұрсынұлының 152 жылына арналған іс-шарада “Анама хат” өлеңін оқитын боламын. Жалпы мәнерлеп оқуға қызығушылығым ұстазымның арқасында пайда болды. Бірнеше сайыстарға қатыстым, – дейді оқушылардың бірі Мадина Магзумхан.

Жиналған қауымның қарасы қалың болды. Ахметтанушы ғалымдар, студенттер, мектеп оқушылары келді.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77