Біздің Қостанай Социум

Бүгін медиативтік мектептер жобасы бойынша қорытынды тыңдау өтті

Қостанай облысында «Медиативтік мектептер қызметін ұйымдастыру» жобасы бойынша қорытынды қоғамдық тыңдау өтті.

Жоба Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылды. Тыңдауға қатысушылар – жобаға қатысушы білім беру мекемелері мен медиаторлар – қол жеткізген нәтижелерді талқылап, тәжірибе алмасты және білім беру саласында медиативтік технологияларды дамыту бойынша алдағы қадамдарды белгіледі.

Талқылау барысында Перелескин жалпы білім беретін мектебінің медиаторы Инна Савченко жоба ұйымдастырушыларына алғыс айтты:

— Осы жобаға алғысымды білдіремін. Ұтқан қаражатқа біз медиативтік кабинет жабдықтадық. Бұрын кездесулер психолог кабинетінде өтетін, ал енді бізде қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген жеке кеңістік бар. Қосымша стендтерге тапсырыс бердік. Екінші орын алғанымыз – дұрыс бағытта келе жатқанымыздың көрсеткіші. Барлық ұйымдастырушыларға және медиаторларға алғысымды білдіремін, — дейді екінші орын иегерлері.

Тыңдауда медиативтік мектептердің жетістіктері мен болашақта оларды дамыту перспективалары талқыланды. Қатысушылар медиативтік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын жақсарту және медиативтік әдістемелер бойынша дайындалған мамандар санын арттыру қажеттілігін атап өтті. Балалардың тәрбиесінде ата-аналардың маңызды рөл атқаратынын ескере отырып, олармен өзара әрекеттесу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Бас медиатор Гүлнара Азгушкарова жобаның білім беру ортасына тигізген маңыздылығын атап өтті:

— Бұл жоба мектептердің білім беру процесінде жаңа мүмкіндіктер ашты. Мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар медиативтік бағдарламалар аясында алған білімдері мен дағдыларын тек мектеп қабырғасында ғана емес, өмірде де қолдана алады. Медиативтік дағдылар қақтығыстарды шешуге, диалог пен эмпатия мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Денисов ауданының мектебін ерекше атап өткім келеді, олардың заңнаманы терең меңгеруі басқалардан ерекшеленеді. Сонымен қатар, Жітіқара мектебінің медиативтік кабинеті жақсы жабдықталған, — деп баса айтты бас медиатор.

Білім беру мекемелерінің өкілдерінің айтуынша, медиативтік технологияларды енгізу оқушылар арасындағы қақтығыстардың деңгейін төмендетуге, мектептердегі атмосфераны жақсартуға және оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді. Арнайы медиативтік кабинеттерді құру жеке кеңес беру, оқыту семинарлары мен практикалық сабақтар өткізуге мүмкіндік береді. Олардың мақсаты – қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу дағдыларын дамыту. «Медиативтік мектептер қызметін ұйымдастыру» жобасы Қостанай облысы үшін маңыздылығын дәлелдеді.

Аяжан СЕРІК


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77