Образование

Бүгін қос қалада қазақ тілін еркін форматта үйрететін «Сөйле Time» клубы ашылды

Басты мақсат – жергілікті тұрғындардың мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, түсінуіне көмектесу

Қостанай облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолға алған мемлекеттік тілді еркін форматта үйрететін «Сөйле Time» клубының жұмысы жандана түсті.

Бүгін аталмыш клуб өңіріміздің Лисаков және Арқалық қалаларында ашылды. Бұл бастаманың басты мақсаты – жергілікті тұрғындарға қазақ тілінде еркін сөйлеуге, түсіну көмектесу.

Лисаков қаласында өткен «Сөйле Time» клубының ашылу салтанатына облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова қатысып, клубтың алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ «Ситуативный казахский» кітабының авторы Қанат Тасибеков Лисаков қаласындағы шара ұйымдастырушыларының арнайы шақыртуымен аталмыш жиында қонақ болып, өзінің ой-пікірін ортаға салды.

Орыс тілді халық көп шоғарланған Лисаков қаласында қазақ тілін үйрететін клубтың ашылуы көңілге қуаныш ұялатады. Осы еркін түрде мемлекеттік тілді үйрететін клубтың мамандары барынша жұмыс істеп, болашақта жергілікті халықтың тіл үйренуге ықыласын оятады деген сенім зор.

-Бір күнде екі қалада «Сөйле Time» клубын ашып отырмыз. Қазіргі таңда 11 елді-мекенде аталмыш клуб барынша жұмыс істеп жатыр. Басты мақсатымыз мемлекеттік тілдің аясын кеңейту, – дейді облыстық тілдерді дамыу басқармасының бөлім басшысы Бақытгүл Сүлейменова.

Тіл – ұлттың қазынасы. Тәуелсіздігіміздің 30 жылында кеңес одағының құрамында жүріп жоғалтып алған тілімізді қайтару мақсатында көптеген істер жүзеге асырылды. Келешекте ана тіліміздің мәртебесі бұданда асқақтай түсеріне кәміл сенімдіміз.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77