10 регион Экономика

Бүгін Қостанай ауданында ауыл шаруашылық қызметкерлерін марапаттады

Қараша айының екінші жексенбісі ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні ретінде атап өтіледі. Бұл мереке – ауыл еңбеккерлеріне, диқаншыларға, малшыларға, өндіріс және қайта өңдеу саласының мамандарына ризашылық білдірудің ерекше сәті.

Костанай ауданы аграрлық салада жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде. Соңғы жылдары аудан еңбеккерлері астық өндіруден, мал шаруашылығын дамыту және сүт өнімдерін өндіру бойынша ірі нәтижелерге жетті. Кәсіби мерекеге орай аудан әкімдігі саланың дамуына елеулі үлес қосқан мамандарды марапаттады. Аудан әкімі сөз сөйлеп, еңбеккерлерге алғысын білдіріп, олардың жұмысының ел экономикасын нығайтудағы маңыздылығын ерекше атап өтті.

– Ауыл еңбеккерлері – еліміздің тірегі, жеріміздің байлығын еселеп, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етіп жүрген азаматтар. Сіздердің еңбектеріңізге қарап, әрбір қазақстандық ауылдың дамуына сеніммен қарайды. Осы игі істеріңіз жалғасын таба берсін, – деп тіледі.

Салтанатты жиында ауданның үздік еңбеккерлеріне марапаттар табысталды. Аудан әкімі өз сөзінде олардың кәсіби шеберлігі, жауапкершілігі және еңбексүйгіштігі ауыл шаруашылығы саласының дамуына зор үлес қосып жатқанын атап өтті. Ауданның бірнеше фермері мен өндіріс қызметкерлері Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, тәжірибесімен бөлісіп келе жатқан Петр Смаковой ауданның ерекше сый-құрметіне ие болды. Ол үшін бұл марапат – еңбегінің жоғары бағаланғанының белгісі.

– Әкем агроном болған еді. Кішкентай кезде оған қарап өстім, міне қазір менде осы саладамын. Қазір “Светлый Джарколь” ЖШС бөлімшесінің басқарушысы болып жұмыс істеймін. Басқаршы болып істеп жатқаныма 8 жыл болды, – дейді маман.

Ауыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегі – елдің сәні, жердің байлығы. Олар Қазақстанның жарқын болашағы үшін еңбек етіп, халқымыздың игілігіне қызмет етуде.

Аяжан СЕРІК,
суреттерді түсірген Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77