Таңғы сағат 6:30-дан бастап мешіт маңында қайнаған тіршілік басталды.
Айт намазынан кейін белгіленген орындарда құрбандық шалу рәсімдері өтуде.
– Қасиетті Құрбан айт мерекесі-әлем мұсылмандары үшін аса маңызды. Бұл күні Аллаға жақындау мақсатымен құрбандық шалынады. Шалынып жатқан малдар мінсіз әрі сапалы болуы керек. Құран Кәрімде: “Намаз оқы, содан кейін құрбан шал” деген бұйрық бар. Әрбір адам құрбан шалғанда: “Иә, Алла Тағала, Ибраһим пайғамбарымыздан қабыл алғаныңдай, менің де құрбандығымды қабыл ал” деп бауыздауы тиіс,-дейді Марал ишан мешітінің бас имамы Сабыржан Зейнелғабиденұлы.
Құрбан шалуға келген жұрт биыл қойлардың арық екенін және бағасының қымбат екендігін айтады.
– Мал сататын адамдарға санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық құжаттарының болуы талап етілді. Кеше түстен бері мал шаруашылығымен айналысатын азаматтар союға арналған малдарын әкеліп жатыр. Біз олардың қойып отырған бағасына шектеу қоя алмаймыз, себебі бұл – жеке меншік. Ал бас ұйыту, бауыздау, жіліктеп беру қызметтеріне 5000 теңгеден асырмау туралы талап қойылды. Мал сою ісіне арнайы халал комитеттен рұқсаты бар қасапшылар жұмылдырылды. Бата берілгеннен кейін құрбандық шалынады, — деп түсіндірді бас имам.
Мерекеге орай мешіт алдында қазақша күрес, қой көтеру, қол күрес, асық ату, арқан тарту, садақ ату сияқты ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. Құрбан айт күнін ұлықтап, құрбан шалуға ниет білдірушілердің саны жыл сайын артып келеді. Бұл – арнайы орындарға жиналған халықтың қарасынан-ақ байқалады.
– Біз жыл сайын құрбандық шалуға тырысамыз. Бұл – біздің парызымыз. Бүгінгі Қасиетті Құрбан айт бүкіл мұсылман қауымға құтты, мүбәрак болсын. Отбасымызға береке мен амандық тілеймін. Жасап жатқан ізгі амалдарымыз қабыл болсын,-дейді келген жамағаттың бірі.
Айтулы мереке – адам бойындағы мейірім мен шапағаттың, ізгілік пен жомарттықтың дамуына үлкен әсер ететін күн.
Гүлжан БӨЛЕГЕН,
сурет архивтен алынды
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- РњРѕР№ Р В Р’В Р РЋРЎв„ўР В Р’В Р РЋРІР‚ВВВВВВВВРЎР‚
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77