Образование

Бүгінде кітапханаға оқырмандардың келуіне рұқсат етілмеген

Кітапханашылар қашықтықта жұмыстарын жалғастырып жатыр

Әлемді дүрбелеңге салған коронавирус дертінің салдарынан барлық елдерде дерлік карантин жарияланған болатын. Қауіпті дерт ретінде қарастырылып отырған бұл вирус тез жұғып, көптеген мемлекеттің тұрғындарына қорқыныш сезімін ұялатты. Сондай-ақ бұл ауру біздің елімізді де айналып өтпеді.

Осы қауіпті дерттің алдын алу мақсатында мемлекетімізде 16 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланып, ол кейін карантинге ұласқаны белгілі.

Уақыт өте келе 11 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайдың тоқтатылатынын, бірақ карантин режимі алынып тасталмайтынын хабарлаған болатын.

Бүгінде елімізде орын алған карантин режимінің кейбір талаптары оңайлатылған болатын. Бұған себеп, карантин кезінде жұмыстары тоқтап, табыссыз үйде отырып қалған жандардың жан айқайы десек қате болмас.

Карантин жарияланғаннан кейін Қостанай қаласында қоғамдық көліктер тоқтатылып, тұрғындар жұмысына қалай барарын білмей қалғаны да жасырын емес.

Бірақ қазір бәрі де біртінден орнына келе бастағандай. 18 мамырдан бастап қоғамдық көліктер бұрығысынша қызыметіне кіріскені көпшілікті қуантып тастады. Қоғамдық көліктер жүргізілгенімен оларға қойылатын талаптар күшейтілген. Мұнда да басты мақсат адамдардың бір жерде топырлап жиналмауы қажет. Сондықтан автобус ішіндегі орындар толғаннын кейін адамдарды кіргізбеу талап етіліп, жіті бақылауға алынған.

Сондай-ақ оның ішін үнемі залалсыздандырып, тазартып, жуып отыру басты мүддеге айналған.

Міне, осындай өзгерістердің бірі кітапқа жаны құмар жандар үшін де туғызылған болатын. Кітапханалар жұмыс істей бастады дегенді құлағымыз шалған соң, Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Дариға Дюсебаевадан мән-жайды сұрап білгенімізде, ол:

– Біз мамырдың 18-нен бастап жұмысқа шықтық. Бірақ барлығы емес. Тек штаттың 30 пайызы ғана жұмысқа келіп жүр. Қалғандары баяғыша қашықтықта жұмыстарын жалғастыруда.

Қазіргі таңда жұмысқа келіп жүрген қызметкерлер кітаптарды, газет-журналдарды реттеу, ұйымдастырылған көрмелерді қалпына келтіру, кітап қорын толықтыру сынды ішкі жұмыстармен айналысып жатыр.
Кітапханашылар болса, бұрынғыша оқырмандарға онлайн режимінде қызмет етіп жатыр. Бұдан біздің оқырмандарымыз азайған жоқ. Керісінше үйде отырған кездері олардың кітапқа ден қойғаны байқалады.
Сонымен қатар біздің қызметкерлер оқырмандар арасында «Қостанай Абайды оқиды» деген челендж өткізіп жатыр. Мұнда да біздің тұрақты оқырмандарымыз белсенділік танытуда.

Сондай-ақ біз көптеген онлайын семинар, тренинг өткізуді де әдетке айналдырдық. Олардың оқырмандарымызға берер пайдасы зор. Осы ретте тағы атап өтетін жай, ол біздің кітапханашылар мен Қостанай мемлекеттік университетінің ұжымының ұйымдастыруымен әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына байланысты өткен онлайн кездесу. Мұнда олар ғалымның өмірбаяны мен шығармашылығы жайында тың деректермен бөліскен болатын.

Бүгінде кітапханаға оқырмандардың келуіне рұқсат етілмейді. Әлі де болса жұмысы бірден қаз-қалпына түсе қойған жоқ. Сондықтан біз алдағы уақытта жағдай қалай болады деп, әліптің артын бағып отырмыз.

Егер баяғыша оқырмандырды кіргізіп, жұмыстарыңызды жасай беріңіздер деген рұқсат болса, бірден оқырмандарға есігімізді айқара ашуға дайынбыз, – деді.

Көпшіліктің көңіліне күйбең салған қауіп дерттің көзі жойылса, баз баяғы қалпымызға ораларымыз хақ. Әрдайым денсаулығымызды күтіп, сақтанғанның артықтығы жоқ екенін ұмытпайық.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77