Біздің Қостанай

Бүгінде жоғалған бүлдіршінді 1 тікұшақ,1 ұшақ, 550 жаяу адам іздеп жүр

Сондай-ақ баланы іздеуге 5 иіс сезгіш ит, 10 мотоцикл, 10 квадроцикл тартылған

Жоғалғанына 3 күн болған 5 жасар Мадинаны іздеуге шыққан еріктілердің саны сағат санап артып жатыр. Жамбыл округінде тұратын 5 жасар бүлдіршіннің үйінен шығып кеткенін, одан кейін қайтып келмегенін естіген қостанайлықтар да елді-мекеннің жан-жағын тінту мақсатында жолға шығып жатыр.

Жамбылға баратын жолда жеңіл көлік өте көп. Біз де осы ауылға іздеу жұмыстарының барысымен танысу мақсатымен арнайы барғанымызда  Жамбыл округінің әкімі Жанай Алтынсаринмен жолығып, бүгінде жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстарының барысын сұрап білген едік.

Бүлдіршінді жоғалған бірінші күні яғни 7-ші тамызда түстен кейін 250 полиция қызметкері, 100 еріктілер, 150 тұрғындар іздеуге аттанған. Сол күні барлығы 500 адамға кешкі ас берілген.

Екінші күні яғни 8 тамызда жоғалған 5 жасар Мадинаны тауып алу үшін  250 полиция қызметкері, 300 ерікті, 300 тұрғын іздеуге кіріскен. Сол күні 550 адамға түскі, 650 адамға кешкі ас берілген.

Ал бүгінгі таңда баланы 150 полиция қызметкері, 200 ерікті, 200 тұрғын іздеп жатыр. 600 адамға бүгін түскі ас берілді. Екінші қабаттан түсіп, белгісіз бағытқа кетіп қалған 5 жасар қыз баланы іздеуге еріктілердің сыртында кеше және бүгіндері 1 тікұшақ, 1 ұшақ тартылған. Сонымен қатар өз еркімен 10 мотоцикл, 10 квадрацикл иелері іздеуге атсалысып жатыр.

-Біз баланың жоғалғанын естіп қарап отыра алмадық. Бүгін таңертеңгі сағат 11:00-ден бастап іздеу жұмыстарын жалғасытырып жатырмыз. Өзіміз қызмет ететін №4 емхананың бас дәрігері бізге жеңіл көлік беріп, баланы іздеу жұмыстарына атсалысуымызға рұқсат етті. Бала жоғалту деген өте ауыр ғой. Оның ата-анасы, туыстарына қатты жанымыз ашиды. Өзіміздің де жүрегіміз ауырып тұр. Ауылдың сыртындағы тамның маңайын түгел қарап шықтық. Әр ағаштың түсбіне барып, баланы іздедік. Қазір түскі ас ішіп, қайтадан бүлдіршінді іздеуге кірісеміз,-дейді өз еріктерімен іздеуге келген №4 емхананың қызметкерлері Ботагөз Ташманова, Қамажай Сүлекешова, Әсем Сакаевалар.

-Бізде жұмыста қол қусырып отыра алмай, өз еркімізбен 5 жасар баланы іздеуге келдік. Өте қиын жағдай. Баланы тез тауып алсақ дейміз. Жүрегіміз ауырып, үлкен күйзелісті сезіндік. Мұндай жағдайға бей-жай қарай алмаймыз. Неде болса, қолымыздан келгенше іздеу жұмыстарына атсалысайық деп шештік. Бала аман-есен табылса екен деп тілеп тұрмыз,-дейді Қостанай қаласындағы «Штор» салонының қызметкерлері Алена Доленко мен Татьяна Хисматулина.

Бүлдіршінді іздеуге келіп жатқан жандарда да көліктерде де сан жоқ.

 

Баланы іздеуге иіс сезгіш иттер де тартылған. Бірінші күні 1 ит, кеше 4 ит, бүгін 5 ит жіберіліп отыр. Бүгінде кинологтар бала жүреді деген жерлерді иіс сезгіш иттермен сүзіп жатыр.

«Барыс», «10 регион», «Дос» еріктілер тобының мүшелері үшінші күн жоғалған баланы тауып алу мақсатында ауыл маңайын жаяу тілтуде. Олар өздері сияқты өз еркімен баланы іздеп жүрген жандарға, азық-түлік, сусын әкеліп беруде. Солардың ішінде Махаббат есімді ерікті азық-түліктер мен сусындарды әлсін-әлсін әкеліп, жаяу бала іздеп жүргендерге ұсынып жатыр.

-Баланы тауып алуға ауыл тұрғындарының сыртында Қостанай қаласынан келіп жатқан еріктілер өте көп. 7 тамыздан бастап, қала жақтан мыңдаған көлік келді. Олар көліктерін жолдың жиегіне қалдырып, бала кетеді ау деген бағыттардың аралап, сүзіп шығуды. Бірақ әлі нәтиже болмай тұр.

Жоғалған қыз бала 7 тамыз күні екінші қабаттан түкен. Оны көрген көршісі оған көмектесіп, оны түсіріп алып, үйіне алып келген. Бірақ үйінің есігі жабық болған. Есікті шамалы уақыт қағып тұрған, бірақ ешкім есік ашпағаннан кейін, жұмысқа бару керек болған соң кетіп қалған. Осыдан кейін қыз бала Осыдан кейін қыз бала не кірмей, белгісіз бағытқа кеткен. Бүгінде оны іздеу жұмыстары жан-жақты жүріп жатыр.

Бұл жұмыстарға ерікті, өзінің көмегін бергісі келетін кез-келген жан өз үлесін қосуда. Осындай болған оқиғаға бей-жай қарамайтын жандар үшін жергілікті әкімдік қалталы азаматтардың қолдауымен таңғы, түскі, кешкі ас ұсынып жатыр.

Ауылымздың жеке шаруашылық қожалықтарының иелері Сағындық Есментаев, «Олжа Аққұдық» ЖШС-ның иесі Серік Шамганов, Александр Докучаев, Василий Брехачев есімді қалталы азаматтар, еріктілерге таңғы, түскі, кешкі ас беру үшін демеушілік жасап, қолдау білдіруде. Сондай-ақ ауыл тұрғындары да тыс қалмай үйлерінде ас әзірлеп, 15-20 адамды тамақтандыруға үлестерін қосып жатыр. Бір сөзбен айтқанда ешкім бей-жайлық танытып жатқан жоқ. Бәрінің мақсаты бүлдіршінді аман-есен тауып алып, отбасына табыстау,-дейді Жамбыл округінің әкімі Жанай Алтынсарин.

Кіп-кішкентай бүлдіршіннің үшінші күні қатарынан қайда жүргені белгісіз. Оның осы уақыт ішінде, ештеңе жемегенін, ішпегененін ойласақ жүрегіміз ауырады. Бала бауыр етің, анасының бүгінге жағдайын ойлаудың өзі қорқынышты. Көптің күшімен балғынның тез арада аман-есен табылып, отбасымен қауышуын тілеп отырмыз.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77