Социум

Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында елімізде білім саласы қалай жаңғыртылып, ғылыми әлеует қалай дамып келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа  Жолдауында стратегиялық міндет қойды – адами капиталға жүйелі инвестициялар арқылы Әділетті Қазақстан құру. Бұл тапсырма Үкімет атқарып жатқан кешенді жұмыстың негізіне айналды. Ол баршаға қолжетімді әрі заманауи білім беруге және ғылыми орта қалыптастыруға бағытталған. Жүйе мектепке дейінгі тәрбиеден бастап алдыңғы қатарлы зерттеулерді қолдауға дейінгі барлық сатыны қамтиды. Осы арқылы елдің болашағын айқындайтын берік негіз қаланып, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігі нығаяды және әрбір азаматтың өмір бойы дамуына жағдай жасалады.

Қолжетімді және сапалы білім беру: балабақшадан бастап халықаралық олимпиадаларға дейін

Адам капиталын дамытуға негіз ерте жастан қаланады. Сол себепті Үкімет мектепке дейінгі білім беру жүйесіне айрықша көңіл бөліп, әр балаға болашақта табысты болуға тең мүмкіндік жасауды көздеп отыр. Бүгінде Қазақстанда 11,8 мың мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оларда 1 млн-нан астам бала тәрбиеленіп жатыр: 470 мың бала – мемлекеттік, ал 540 мыңнан астамы – жекеменшік балабақшаларда. Жаңа балабақшалар ашу және заманауи қаржыландыру тетіктерін енгізуді қамтитын жүйелі жұмыстың арқасында 2–6 жас аралығындағы балаларды қамту деңгейі 93,1%-ға жетіп, жыл соңына дейін 95%-ға дейін өседі деп жоспарлануда.

Қолжетімділікті арттыру үшін 2023–2027 жылдарға арналған кезеңдік Жол картасы бекітілген. 2025 жылдың басынан бері 14,8 мың орындық 195 балабақша ашылды. Жыл соңына дейін қолданыстағы ұйымдарды кеңейту арқылы тағы 49 мыңнан астам орын құрылады. Сонымен қатар жаңа тәрбиелік тәжірибелер де жолға қойылуда. Қыркүйектен бастап 100 балабақшада 12 мың баланы қамтитын адал еңбекке баулу бойынша пилоттық жоба жүзеге асады. Сондай-ақ «Бестен бұрын үлгер» бағдарламасы ата-аналарды қолдауға және баланың отбасында дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстандағы орта білім беру функционалдық сауаттылық пен ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталған, бұл елдің PISA халықаралық зерттеуінің үздік 50 елі қатарына енуіне ықпал етті.

Қазақстандық оқушылардың жетістіктері таңдалған бағыттың дұрыстығын дәлелдейді. 2024–2025 оқу жылында халықаралық олимпиадаларға қатысқан әрбір екінші оқушы жүлдегер атанды. Қазақстандық оқушылар барлығы 34 халықаралық олимпиада мен байқауда 1000-нан астам медаль, оның 193-і алтын иеленді. 2025 жылы халықаралық жарыстарға қатысқан 31 оқушының 27-сі жүлдегер атанды. Ауыл оқушыларының талантын дамытуға ерекше назар аударылуда. Ауылдық мектептер арасындағы ІІ Республикалық олимпиада жеңімпаздарының саны он есеге артты.

Заманауи инфрақұрылым және баршаға тең мүмкіндіктер

Еліміздің барлық өңірінде білім сапасының бірыңғай стандарттарын қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2025 жылы құрылысы жүріп жатқан 232 жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарлануда, олардың жалпы сыйымдылығы – 267 мың орын. Бұл үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге тікелей қадам болып отыр. Сонымен қатар қолданыстағы ғимараттарды жаңғырту бағдарламасы іске асырылуда: 2025 жылы 245 мектепте күрделі жөндеу жүргізіледі. Қосымша 1 мыңнан астам ауыл мектебі жаңғыртылады. 680 ұйым үшін 1,1 мыңнан астам заманауи пәндік кабинет сатып алынуда.

Цифрландырудағы маңызды қадам – мектеп оқулықтарының 100%-ын интерактивті мазмұнды электрондық форматқа толық көшіру. Бұл оқу үдерісін анағұрлым икемді әрі қолжетімді етті.

Жұмыстың басты бағыттарының бірі – әрбір бала өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінетін инклюзивті орта қалыптастыру. Бүгінде мектептердің 90%-да инклюзивті білім беруге жағдай жасалған, 85% бала қажетті қолдау алуда.

Арнайы ұйымдардың желісі кеңейтілуде: 508 мекеме жұмыс істейді, 121 қолдау кабинеті ашылды. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға педагог-ассистент, арнайы педагог және жеке көмекші штаттары енгізілді. Алдағы уақытта үздіксіз инклюзивті білім берудің Ұлттық орталығын құрып, сондай-ақ «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды кешенді қолдау туралы» Заң әзірлеу жоспарланған.

Тәрбие беру, қорғау және бос уақыт: бала басты назарда

Президент тапсырмаларын орындау шеңберінде «Қазақстан балалары» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Адал азамат» бірыңғай бағдарламасы жаңартылды, ол үшін бірыңғай құндылық кеңістігін қалыптастыратын арнайы брендбук әзірленді. Сонымен бірге балалар құқықтарын қорғау шаралары күшейтілуде: қамқоршылық органдары мамандарының саны үш есеге жуық, 303-тен 896 адамға дейін ұлғайды, бұл отбасыларға уақтылы әрі білікті көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Мектептерде буллингтің алдын алу үшін Kiva және «ДосболLIKE» халықаралық бағдарламалары енгізілуде. Физикалық қауіпсіз орта құрылуда: ұйымдардың 98%-ы турникеттермен, 97%-ы лицензияланған күзетпен, 96%-ы дабыл түймелерімен қамтылған, ал 81%-ы полицияның жедел орталықтарына қосылған.

Демалыс – үйлесімді дамудың маңызды бөлігі. Елімізде қосымша білім беру саласы белсенді дамып келеді, онда 3,3 млн баланы немесе олардың жалпы санының 87,2%-ын қамтитын 2 142 ұйым жұмыс істейді, бұл көрсеткішті 2025 жылдың соңына дейін 90%-ға дейін жеткізу жоспары бар. 2024 жылдың жазында ұйымдастырылған демалыспен 3,2 млн бала қамтылды, оның ішінде әлеуметтік осал санаттардан 500 мың бала.

Мектептен мамандыққа: сұранысқа ие кадрлар және қол жетімді жоғары білім

Президент Жолдауында көрсетілген адами капиталды дамыту бағытына сүйене отырып, Үкімет кәсіптік және жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру бойынша кешенді саясатты жүзеге асыруда. Жұмыс әрбір жас қазақстандықтың сапалы мамандық алуға әрі өз әлеуетін асыруға мүмкіндік алуына бағытталған. Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі (ТжКБ) нарық талаптарына барынша сәйкестігі үшін қайта форматтау жүргізілуде.

Жаңа кәсіптер атласы әзірленді, онда 900-ден астам жаңа білім бағдарламасы өзектендіріліп, 510-нан астам жаңа бағдарлама әзірленген. Атлас негізінде 9 өңірде кадрларға қажеттілік карталары жасалды. Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мақсатында Jas Skills және Junior Skills конкурстары өткізіледі, ал 107 мыңнан астам оқушы «Мансап компасы» платформасында кәсіби диагностикадан өтті. Отандық бес колледжді халықаралық деңгейге көтеру бойынша жұмыс басталды.

Аталған жұмыстағы негізгі құралдардың бірі – оқытуды тікелей қаржыландыру. Президент тапсырмаларын және сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында білім беру гранттарының саны 50%-ға ұлғайтылды, ал биылғы оқу жылында олардың саны 93 мыңнан асты, жергілікті атқарушы органдардан (1,5 мыңнан астам), KAZENERGY қауымдастығынан (400), ЖОО ректорларынан (2,2 мың) және «Қазақстан» қорынан (500) қосымша гранттар бөлінді.

Бұл шараларға қосымша шәкіртақы көлемі жүйелі түрде артып келеді: 2024 жылдың қыркүйегінен бері бакалаврлар үшін төлемдер 20%-ға, магистранттар мен докторанттар үшін 15%-ға өсті, ал студент-педагогтер үшін 75 мың теңгеден асып отыр. Жалпы, соңғы бес жылда шәкіртақы көлемі екі есе өсті және 2029 жылға қарай оның көлемін 200%-ға дейін көтеру жоспарлануда. Студенттерді тікелей қолдаумен қатар, отбасыларға арналған қаржылық жоспарлаудың ұзақмерзімді тетіктері де енгізілуде.

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бастапқы капиталды қалыптастыруға көмектеседі, 2024 жылдың қорытындысы бойынша балалардың шоттарына $8 880 млн түсті. Мемлекеттің қатысуымен жүзеге асатын жаңа “Келешек” жинақтаушы жүйесі (60 АЕК бастапқы капитал және 7% дейінгі сыйлықақы) ата-аналарға білім беруге жоспарлы түрде 5 млн теңгеден астам қаражат жинауға мүмкіндік береді. Студент мемлекеттік грант алған жағдайда, “Келешек” бағдарламасы бойынша жинақталған қаражат тұрғын үй сатып алуға бағытталуы мүмкін», — деп атап өтті ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ жеңілдікпен білім беру несиелері мен 300 сараланған грант бар, олардың шеңберінде мемлекет оқу құнының 50%-ын немесе 75%-ын жабады, ал студент толық көлемде стипендия алады. Білім алу үшін қолайлы жағдай жасаудың тағы бір маңызды аспектісі – баспана мәселесін шешу. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес студенттік жатақханаларда жыл сайын кемінде 10 мың орын ұйымдастыру міндеті қойылды. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар бойынша қазірдің өзінде елеулі нәтижелерге қол жеткізілуде: 2018 жылдан бастап 62 мың орындық 251 жаңа жатақхана пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы 10 мыңнан астам орындық 29 жатақхана іске қосылады, олардың ішінде ел тарихындағы ең ірі жатақхана – елордада Еуразия ұлттық университеті үшін салынған 2 656 орындық жатақхана бар. Осылайша тапшылық мәселесі еліміздің барлық өңірлерінде шешімін тапты. «Student-residence» заманауи моделі енгізілуде, ал әлеуметтік осал топтардан шыққан студенттер үшін мемлекет 2023 жылдан бері тұру шығындарын өтеп келеді.

Инновациялар және халықаралық әріптестік: білім беру хабын құру

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Қазақстан әлемдік білім кеңістігіне кіріге отырып, өңірлік білім беру хабына айналуға ұмтылуда. Бүгінгі таңда елімізде Британдық Cardiff және Coventry University, немістің Anhalt, итальяндық Politecnico della Marche, корейлік Woosong University және МГИМО сияқты жетекші шетелдік университеттердің 24 филиалы ашылды.

«Серіктес-елдер географиясы, сондай-ақ АҚШ, Қытай және Францияны да қамтиды, ал 2025 жылы инженерлік-техникалық мамандықтарға басымдық беретін тағы 10 жаңа филиал ашу жоспарлануда. Олардың кейбіреулері, мысалы, De Montfort, Coventry, Cardiff және Woosong сияқты, толыққанды жеке кампус форматында жұмыс істейтін болады. Осымен бір мезгілде қазақстандық білім жүйесі шетелде де қанат жаюда: ҚазҰУ-дың Ресей мен Қырғызстанда филиалдары (Бішкекте 2022 жылдан бері 1300-ден астам студент оқиды), сондай-ақ Өзбекстанда Әуезов университеті жұмыс істеп тұр», — деді министр.

Сонымен қатар ғылыми кәсіпкерлердің жаңа буынын және цифрлық экономиканың болашақ көшбасшыларын қалыптастыруға бағытталған AI-Sana серпінді бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның мақсаты — студенттерге жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын жаппай оқытуды қамтамасыз ету.

Бағдарлама Coursera, Huawei және Google платформаларында негізгі оқытудан бастап студенттік стартаптарды жеделдетуге дейінгі төрт кезеңді қамтиды. ЖИ негіздері бойынша 390 мыңнан астам студент пен 3 мың оқытушы курстан өтті.

«95 ЖОО Coursera платформасына тегін қол жеткізген жүйелі жұмыстың нәтижесінде Қазақстан оның беделді халықаралық сыйлығының лауреаты атанды. Практикалық нәтиже студенттердің тестілеу сатысында тұрған 119 ЖИ агенттерін құруы болды, тағы 395-і әзірленуде. Осы өршіл міндетті қолдау үшін Назарбаев Университеті, ЕҰУ, Satbayev University және ҚазҰУ базасында қуаты 42 PFlops суперкомпьютерлік кластер құрылуда. Ал ЖИ курстары барлық университеттерде міндетті болды. 20 ЖОО-да ЖИ, машиналық оқыту және киберқауіпсіздік саласында 25 жаңа білім беру бағдарламасы ашылды», — деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Ғылым және технология: инновациялық болашақты қалыптастыру

Білім беруге инвестициялардың қисынды жалғасы елдің ғылыми әлеуетін нығайту болып саналады.

Үкімет толыққанды инновациялық экожүйені құру бойынша кешенді жұмыс жүргізуде:зерттеу университеттерінің саны өсуде (Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті, Әуезов атындағы және Букетов атындағы Қарағанды университеті) және Мемлекет басшысының жанынан Ұлттық Ғылым академиясы мен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылды.

Ғалымдарды қолдау үшін нақты шаралар жүзеге асырылуда: 2024 жылдың басынан бері олардың жалақысы 18%-ға өсті, ал ғылыми атақтар үшін берілетін үстемеақылар 20 АЕК-ке (қауымдастырылған профессор, PhD үшін) және 50 АЕК-ке (профессор үшін) жетті. Жобаларды бағалау үшін TRL халықаралық стандартын енгізетін «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң қабылданды. Ғылымды қаржыландыру 3,3 есе өсті, бұл 800-ден астам ғалымды әлемнің жетекші орталықтарына тағылымдамаға жіберуге және ғылыми жабдықтардың 14%-ын жаңартуға мүмкіндік берді.

Ғылымның экономиканың нақты секторымен байланысы да күшейе түсуде. Бизнеспен бірлесіп орындалған жобалардың үлесін 2025 жылы 20%-ға жеткізу міндеті қойылды. Ол үшін ғалымдардың Қазақмыс, ERG, Қазатомөнеркәсіп және Қазмырыш сияқты ірі өнеркәсіптік компаниялардың өкілдерімен кездесулері өткізіледі.

Зерттеулерге инвестиция салатын компаниялар үшін 150% салық шегерімі қарастырылған. 2025 жылдан бастап әкімдіктер жанынан жергілікті бюджеттерден қолданбалы зерттеулерді қаржыландыру үшін ғылыми кеңестер құрылатын болады. Сондай-ақ саланы толық цифрландыру үшін бірыңғай цифрлық ғылым порталы іске қосылды.

Республикалық бюджеттен барлығы 2 297 жоба және 162 ғылыми-техникалық бағдарлама қаржыландырылды, оның 1 мыңға жуығын жас ғалымдар жүзеге асыруда, ал 134-і технологияларды коммерцияландыруға бағытталған. Бұл жүйелі жұмыс Қазақстанның технологиялық егемендігі мен инновациялық болашағы үшін берік негіз қалайды.

Инвестиции в конкурентоспособное поколение: как в Казахстане модернизируют образование и развивают научный потенциал в рамках реализации Послания Президента

В Послании народу «Справедливый Казахстан: закон и порядок, экономический рост, общественный оптимизм» Глава государства Касым-Жомарт Токаев поставил стратегическую задачу – построение Справедливого Казахстана через системные инвестиции в человеческий капитал. Это поручение стало основой для комплексной работы, реализуемой Правительством, и направленной на создание доступной и современной образовательной и научной среды. Она охватывает все ступени от дошкольного воспитания до поддержки передовых исследований, формирует ядро будущего страны и укрепляет ее долгосрочную конкурентоспособность на мировой арене, создавая условия для развития каждого гражданина на протяжении всей его жизни.

Доступное и качественное образование: от детского сада до международных олимпиад

Фундамент для развития человеческого потенциала закладывается с самых ранних лет. Поэтому Правительство уделяет особое внимание системе дошкольного образования, стремясь обеспечить каждому ребенку равные стартовые возможности для успешного будущего. На сегодняшний день в Казахстане функционируют 11,8 тыс. дошкольных организаций, которые посещают более 1 млн детей, из них 470 тыс. воспитываются в государственных и более 540 тыс. – в частных садах. Благодаря системной работе, включающей открытие новых детских садов и внедрение современных механизмов финансирования, охват детей в возрасте от 2 до 6 лет достиг 93,1% и до конца года выйдет на плановый показатель в 95%.
Для дальнейшего расширения доступности утвержден Пошаговый план на 2023–2027 годы, в рамках которого с начала 2025 года уже открыто 195 детских садов на 14,8 тыс. мест, а до конца года будет создано еще свыше 49 тыс. Одновременно внедряются новые воспитательные практики: стартовал пилотный проект по раннему приобщению детей к честному труду в 100 детских садах, а также запускается программа «Успей до пяти», направленная на поддержку семейного воспитания.
На уровне школьного образования основной акцент смещен с простого усвоения знаний на развитие функциональной грамотности и компетенций XXI века. Выбранный курс уже доказал свою эффективность, обеспечив вхождение Казахстана в топ-50 престижного международного исследования PISA. Успехи страны особенно ярко проявляются на мировой арене: в 2024–2025 учебном году каждый второй казахстанский участник международных олимпиад вернулся с призовым местом. Всего школьники завоевали более 1000 медалей, включая 193 золотые. В частности, в 2025 году 27 из 31 казахстанского школьника стали призерами крупнейших международных конкурсов. Особое внимание уделяется талантам из сельской местности: Вторая Республиканская олимпиада среди сельских школ показала десятикратный рост числа победителей, открывая для них новые образовательные и карьерные перспективы.

Современная инфраструктура и равные возможности для всех

Для обеспечения единых стандартов качества обучения по всей стране ведется беспрецедентная по своим масштабам работа по модернизации инфраструктуры. В 2025 году ведется строительство и планируется ввод 232 новых школ рассчитанные на 267 тыс. ученических мест, что является прямым шагом к решению проблемы трехсменного обучения. Параллельно реализуется программа реновации действующих зданий: в 2025 году капитальным ремонтом будет охвачено 245 школ. Дополнительно модернизируются свыше 1 тыс. сельских школ, для 680 организаций из которых закупается более 1,1 тыс. современных предметных кабинетов. Важным шагом в цифровизации стал полный перевод 100% школьных учебников в электронный формат с интерактивным контентом, что делает обучение более гибким и доступным.
Ключевым направлением работы является построение инклюзивного общества, где каждый ребенок чувствует себя полноправным его членом. На сегодняшний день уже в 90% школ созданы необходимые условия для комфортного обучения детей с особыми образовательными потребностями, а 85% из них получают необходимую поддержку. Эта работа подкрепляется развитием сети из 508 специализированных организаций и 121 кабинета поддержки, а также введением новых штатных единиц, таких как педагог-ассистент и специальный педагог. В перспективе планируется создание Национального центра непрерывного инклюзивного образования и разработка Закона «О комплексной поддержке детей с особыми образовательными потребностями».

Воспитание, защита и досуг: в центре внимания – ребенок

В рамках исполнения поручений Президента обновлена единая программа «Адал азамат» в рамках государственной программы «Дети Казахстана», для которой разработан специальный брендбук, формирующий единое ценностное пространство. Одновременно усиливаются меры по защите прав детей: численность специалистов органов опеки увеличена почти втрое — с 303 до 896 человек, что позволяет оказывать своевременную и квалифицированную помощь семьям. В школах для профилактики буллинга внедряются международные программы Kiva и «ДосболLIKE». Создается и безопасная физическая среда: 98% организаций оснащены турникетами, 97% – лицензированной охраной, 96% – кнопками тревоги, а 81% подключены к оперативным центрам полиции.
Важной частью гармоничного развития является и досуг. В стране активно развивается сфера дополнительного образования, в которой действуют 2 142 организации, охватывающие 3,3 млн детей, или 87,2% от их общего числа, с планом довести этот показатель до 90% до конца 2025 года. Летом 2024 года организованным отдыхом было охвачено 3,2 млн детей, включая 500 тыс. из социально уязвимых категорий.

От школы к профессии: востребованные кадры и доступное высшее образование

Следуя курсу на развитие человеческого капитала, отраженному в Послании Президента, Правительство реализует комплексную политику по повышению доступности профессионального и высшего образования. Работа направлена на то, чтобы каждый молодой казахстанец имел возможность получить качественную профессию и реализовать свой потенциал. В рамках Года рабочих профессий ведется переформатирование системы технического и профессионального образования (ТиПО) для ее максимального соответствия запросам рынка. На основе Атласа новых профессий, где актуализировано более 900 и разработано более 510 новых образовательных программ, уже в 9 регионах созданы карты потребности в кадрах. Для повышения престижа рабочих специальностей проводятся конкурсы «Jas Skills» и «Junior Skills», а более 107 тыс. школьников прошли профдиагностику на платформе «Мансап Компасы». Начата работа по интернационализации пяти отечественных колледжей. Одним из главных инструментов в этой работе является прямое финансирование обучения. В рамках исполнения поручений Президента и в соответствии с его предвыборной программой количество образовательных грантов было увеличено на 50%, и в текущем учебном году их число превысило 93 тыс. Дополнительно выделены гранты от местных исполнительных органов (более 1,5 тыс.), ассоциации KazEnergy (400), ректоров вузов (2,2 тыс.) и фонда «Қазақстан халқына» (500). Эта мера дополняется системным повышением стипендий: с сентября 2024 года выплаты для бакалавров выросли на 20%, для магистрантов и докторантов – на 15%, а для студентов-педагогов превысят 75 тыс. тенге. В целом за последние пять лет размер стипендии увеличился вдвое, и к 2029 году планируется его рост до 200%. Наряду с прямой поддержкой студентов, внедряются и долгосрочные механизмы финансового планирования для семей.
«Программа “Национальный фонд – детям” формирует стартовый капитал, по итогам 2024 года на счета детей было начислено свыше $880 млн. Новая накопительная система “Келешек” с участием государства (стартовый капитал в 60 МРП и премия до 7%) позволяет родителям планомерно накопить на образование более 5 млн тенге. Важно отметить, что в случае получения студентом государственного гранта, накопленные по программе “Келешек” средства могут быть направлены на приобретение жилья», — отметил министр науки и высшего образования Саясат Нурбек.
Также доступны льготные образовательные кредиты и 300 дифференцированных грантов, в рамках которых государство покрывает 50% или 75% стоимости обучения, а студент получает стипендию в полном объеме. Не менее важным аспектом создания благоприятных условий для обучения является решение жилищного вопроса. В соответствии с поручением Главы государства, поставлена задача по ежегодному вводу не менее 10 тыс. мест в студенческих общежитиях. Системная работа в этом направлении уже приносит ощутимые результаты: с 2018 года введено 251 новое общежитие на 62 тыс. мест. В текущем году будут запущены 29 общежитий более чем на 10 тыс. мест, включая самое крупное в истории страны общежитие для Евразийского национального университета на 2 656 мест в столице. В результате проблема дефицита решена практически во всех регионах страны. Внедряется современная модель «Student-residence», а для студентов из социально уязвимых групп с 2023 года государство возмещает расходы на проживание.

Инновации и международное партнерство: создание образовательного хаба

В рамках исполнения поручений Президента Касым-Жомарта Токаева Казахстан стремительно движется к становлению региональным образовательным хабом, интегрируясь в мировое пространство знаний. На сегодня в стране открыто 24 филиала ведущих зарубежных университетов, включая британские Cardiff и Coventry University, немецкий Anhalt, итальянский Politecnico della Marche, корейский Woosong University и МГИМО.
«География стран-партнеров также включает США, Китай и Францию, а в 2025 году планируется открытие еще 10 новых филиалов с приоритетом на инженерно-технические специальности. Ряд из них, например, De Montfort, Coventry, Cardiff и Woosong, работают в формате полноценных отдельных кампусов. Одновременно расширяется присутствие казахстанского образования за рубежом: действуют филиалы КазНУ в России и Кыргызстане (в Бишкеке с 2022 года обучается свыше 1300 студентов), а также университет Ауэзова в Узбекистане», — рассказал министр.
Параллельно реализуется прорывная программа AI-Sana, нацеленная на формирование нового поколения научных предпринимателей и будущих лидеров цифровой экономики. Ее цель – обеспечить массовое обучение студентов технологиям искусственного интеллекта (ИИ). Программа включает четыре этапа: от базового обучения на платформах Coursera, Huawei и Google до акселерации студенческих стартапов. Курс по основам ИИ прошли уже более 390 тыс. студентов и 3 тыс. преподавателей.
«Благодаря системной работе, в рамках которой 95 вузов получили бесплатный доступ к платформе Coursera, Казахстан стал лауреатом ее престижной международной премии. Практическим результатом стало создание студентами 119 агентов ИИ, которые находятся на стадии тестирования, еще 395 – в разработке. Для поддержки этой амбициозной задачи создается суперкомпьютерный кластер мощностью 42 PFlops на базе Назарбаев Университета, ЕНУ, Satbayev University и КазНУ им. аль-Фараби, а курсы по ИИ стали обязательными во всех университетах. В 20 вузах открыто 25 новых образовательных программ в сфере ИИ, машинного обучения и кибербезопасности», — подчеркнул Саясат Нурбек.

 Наука и технологии: формирование инновационного будущего

Логическим продолжением инвестиций в образование является укрепление научного потенциала страны. Правительство проводит комплексную работу по созданию полноценной инновационной экосистемы: растет число исследовательских университетов (статус имеют КазНИТУ им. Сатпаева, ЕНУ им. Гумилева, КазНУ им. аль-Фараби, университет им. Ауэзова и Карагандинский университет им. Букетова), а при Главе государства созданы Национальная академия наук и Национальный совет по науке и технологиям. Для поддержки ученых реализуются конкретные меры: с начала 2024 года их заработная плата выросла на 18%, а надбавки за ученые звания достигают 20 МРП (для ассоциированного профессора, PhD) и 50 МРП (для профессора). Принят новый закон «О науке и технологической политике», внедряющий международный стандарт TRL для оценки проектов. Финансирование науки выросло в 3,3 раза, что позволило направить более 800 ученых на стажировки в ведущие мировые центры и обновить 14% научного оборудования. Усиливается и связь науки с реальным сектором экономики. Поставлена задача довести долю проектов, выполненных совместно с бизнесом, до 20% в 2025 году. Для этого проводятся встречи ученых с представителями крупных промышленных компаний, таких как Казахмыс, ERG, Казатомпром и Казцинк. Для компаний, инвестирующих в исследования, предусмотрен 150% налоговый вычет. С 2025 года при акиматах будут созданы Научные советы для финансирования прикладных исследований из местных бюджетов. Также запущен единый цифровой портал науки для полной цифровизации отрасли. Всего из республиканского бюджета профинансировано 2 297 проектов и 162 научно-технические программы, из которых около 1 тыс. реализуются молодыми учеными, а 134 направлены на коммерциализацию технологий. Эта системная работа закладывает прочный фундамент для технологического суверенитета и инновационного будущего Казахстана.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77