Отбасы банк «Ұлттық қор – балаларға» жобасының арнайы парақшасында осы жобаға қатысты қазақстандықтардан 50-ге тарта сұрағын топтастырды
Жауаптар Закон.кз порталында орналасқан. Сол жерден өздеріңізді қызықтырған бүкіл ақпараттар мен азаматтардың сұрақтарына берілген жауаптарды табуға болады. Оған қосымша портал редакциясы жобаға қатысушы балалардың ата-аналарын бірінші кезекте толғандыратын кең ақпараттар легін дайындады.
«Ұлттық қор – балаларға» жобасы – бұл 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталатын мемлекеттік бағдарлама. Оның арқасында 18 жасқа толмаған әрбір қазақстандық баланың арнаулы жинақтаушы шотына Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50%-ы аударылып отырады. Қаражат алдын ала шығарып алу мүмкіндігінсіз және кәмелетке толғанға дейін жиналады. Келешекте бұл ақшаны екі мақсатқа қолдануға болады – тұрғын үй жағдайын жақсарту және оқу ақысын төлеу. Бұл ақшаны мерзімінен бұрын алу, шығару және/немесе өз қалауы бойынша қолдану мүмкін емес.
Түсіндіре кетейік, тұрғын үй жағдайын жақсарту дегеніміз – тұрғын үйді өзінің жеке қаражатын қолдану мүмкіндігі арқылы сатып алу, ипотекалық қарызды толық немесе жартылай мерзімінен бұрын өтеу, ипотекалық қарыз алу үшін бастапқы жарнаны беру, оның ішінде жөндеу жүргізу мен Отбасы банкте депозит толтыруды білдіреді.
Оқу мақсаты – оқу ақысын төлеуді білдіреді, оның ішінде шетелдік ЖОО-да білім алу да бар. Сондай-ақ жинақталған соманы әрі қарай оқу ақысын төлеу үшін Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесіне аударуға болады, оның ішінде шетелге де. Сондай-ақ бұл қаражатпен оқу несиесін өтеуге болады.
– «Ұлттық қор – балаларға» атты бірегей бағдарламасы басталды. Енді «Отбасы банк» уәкілетті операторы болып табылады. Сіз шоттағы ақшаны тұрғын үй жағдайыңызды жақсартуға немесе білім алуға жұмсай аласыз. «Отбасы банкі» арқылы жақын арада сіз шоттағы ақшаны депозитке аудара аласыз, – дейді «Отбасы банктің» облыстық филиалының кеңесшілері.
Бірінші аударылымдарды 18 жасқа толатын балалар 2024 жылдың басында ала алады. Егер сіздің балаңыз 2023 жылы 18-ге толып қойса, онда ол «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатыса алмайды. Сол сияқты 18 жастан асқан барша азаматтар жобаға қатыса алмайды.
Жинақ шотын ашу үшін, балалардың ата-аналарына ешқандай өтініш берудің және арнайы банкке жүгінудің немесе БЖЗҚ-ға хабарласудың қажеті ЖОҚ. Әрбір балаға «Жеке тұлға» мемлекеттік мәліметтер базасы деректері негізінде автоматты түрде БЖЗҚ арқылы жеке шот ашылады. Егер баланың ата-анасы ажырасып кетсе, қосымша құжаттар мен анықтамалар қажет емес, себебі қаражат балалардың жеке шотына түседі. Алынған қаражатты бала өз бетінше 18 жасқа толғанда пайдалана алады.
Бала «Ұлттық қор – балаларға» жобасының қатысушысы болып табылатындығы туралы ақпаратты egov.kz порталындағы өзінің жеке кабинетіңізден алуға болады. Қаражаттардың аударылымы туралы тұрақты есептер enpf.kz зейнетақы қорының ресми сайтында орналастырылады, ол жерде ата-аналар аударылымдар туралы ақпаратты таба алады.
Бағдарлама шарттары бойынша қаражат доллармен жинақталады. Жыл сайынғы аударылымдар сомасы тұрақты болмайды және қордың инвестициялық табысына қарай өзгеріп отырады. Жыл сайынғы төлемдер туралы нақты деректер әр жылдың басында белгілі болады.
Жан ШАЙМЕРДЕН,
сурет ашық ақпарат көзінен
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77