«Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты»

«Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты»

Комментарии к записи «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» отключены

Өңірімізде аталған бағдарлама бойынша жүйелі істер атқарылуда

Бүгінде білім саласына берілген басымдылықтың бірі – болашақта жан-жақты тұлғаны қалыптастыруға негіз болатын мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.  Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа арналған Жолдауында алты бағытының барлығы және «Әл-ауқат қоғамы» Бағдарламасының он мақсатының әрбіреуі елдіміздің басты байлығы – адамды дамытуға бағдарланған.

«Жолдау мен «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасын іске асыру аясында Қостанай облысында білім беру сапасын арттыру және оның қолжетімділігі бойынша шаралар туралы»Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысыЦымбалюк Василий Александровичтің қатысуымен өткен жиында сөз болды.

Қойылған міндеттерді шешуде білім беру жүйесі маңызды рөл атқарады, бірінші кезекте сыни ойлай алатын, туындаған жағдайларға бейімделе алатын болашақ мамандарын даярлау сапасына байланысты.

Қазіргі таңда облыста шамамен 35 мыңға жуық баланы қамтитын 601 мектепке дейінгі ұйым оның ішінде 184 балабақша және 417 шағын орталық жұмыс істейді. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 99,7% құрайды. Бұл еліміздегі жоғары көрсеткіштің бірі.

– Атап өтетінім, өткен жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында және жеке бастамалар бойынша 7 балабақша ашылды және 915 жаңа орын енгізілді. Қостанай қаласында – 60, 100 және 280 орынға арналған 3 жекеменшік балабақша, Рудный қаласында – 130 орынға, Федоров ауданында – 75 орынға арналған 1 мемлекеттік балабақша, Арқалық қаласында МЖӘ аясында 150 орынға арналған балабақша, Жітіқара қаласында – 120 орынға арналған балабақша. Ағымдағы жылы кезектілік мәселесін шешу үшін облыстың жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарында қосымша 675 орынға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру мүмкіндігі қарастырылуда, оған 1884,8 млн теңге қажет, – деді ол.

Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту міндетін шешуде мұғалімдер басты рөл атқарады. Облыста олардың кәсіби шеберліктерін, сондай-ақ мәртебесін арттыру үшін жағдайлар жасалуда. Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беретін 3 мыңнан астам мұғалімдердің 60%-ті арнайы мектепке дейінгі білімі бар, 32%-нің жоғары және бірінші категориясы бар. Бұл көрсеткіштер үш жыл ішінде 22 және 10 пайызға өсті. Бұл ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап білім беру қызметкерлерінің сараланған жалақыларын ұлғайту, сондай-ақ мектепке дейінгі жүйеге оқытудың жетекші әдістемелерін сапалы енгізуді іске асыру тұрғысынан да маңызды.

– Бүгін облыста 1,5 мыңнан аса бала лего құрастырумен шұғылданатын атап өткім келеді, геймификация әдістемесі кеңінен енгізілуде. Білім беру міндеттерін шешу үшін ойындық ойлау мен ойын динамикасын пайдалану, осы жылдан бастап балаларда ойлау дизайнын ерте дамыту бойынша Қостанай, Рудный қаласы, Меңдіқара ауданы бойынша тәжірибе іске қосылды. Өткізілген жұмыстың нәтижесі ретінде – мектеп жасына дейінгі балалардың қабілеттері мен дағдылары қалыптасуының көрсеткіштері жоғары. Сонымен жылдың аяғында орта және жоғары деңгейдегі балалардың үлесі 90,5%, құрады, бұл Мемлекеттік бағдарламаның көздегенінен 10,5% жоғары. Енбігі біздің басты мақсатымыз – балалардың оқу процесі кезінде қол жеткізген негізгі құзыреттіліктерін сақтау және дамыту, – деп атап өтті басшы.

Сондай-ақ,зор басымдылық – бұл мемлекеттік тілдің, сонымен бірге ерте жастан бастап дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылатынғын айтты.

Қазіргі таңда облыста әрбір екінші мектепке дейінгі ұйымда 601-ден 280 және әрбір екінші мектепте 504-тен 241 білім беру қызметтері мемлекеттік тілде ұсынылады. Қазақ тілінде оқитын оқушылардың саны 30,5 мың адамды немесе жалпы контингенттен 30% құрайды. Бұл жұмыс одан әрі жалғасады. Енді ағымдағы жылы Қостанай қаласының «Әуежай» шағын ауданында 900 орынға арналған құны529,0 млн теңге болатынорта мектептің құрылысы аяқталмақ.«Юбилейный» шағын ауданында 1200 орынға арналған орта мектептің құрылысы басталуда, оның құны1 млрд теңге. Онда мемлекеттік тілде оқытатын сыныптар ашылады.

– Бүгінгі күні мектептердің 52% (504-тен 260), мемлекеттік балабақшалардың 77% (124-тен 95), мемлекеттік колледждер мен интернат ұйымдарының 100% бейнебақылау жүйелерімен қамсыздандырылған. 2020 жылдың 1-тамызына қарай осы жүйемен барлық білім беру ұйымдары кезең-кезеңімен жарақтандырылады, – деді Василий Александрович.

Үстіміздегі жылы жаңартылған мазмұнға көшетін 4, 9 және 10-сыныптарға арналған оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК), сондай-ақ басқа сыныптар үшін қосымша оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерін сатып алуға жергілікті бюджеттерден 1 млрд 44 млн теңге бөлініп отыр.

Білімнің сапасы мен қолжетімділігін арттыруда цифрландыруды енгізу маңызды рөл атқаруда.Қазіргі уақытта өңірдегі барлық мектептер кең жолақты Интернетке қосылған, оның ішінде 445-і немесе 88,3% 4 Мбит/с жоғары жылдамдықты Интернетке қосылған. Біздің міндетіміз осы көрсеткішті барынша жоғарылату, – деп атап өтті.

Бүгінде мемлекет саясатының басты басымдығы-қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу.

Білім беру саласында әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан оқушыларды қолдау шаралары, ал олардың 13 мыңнан астамы тегін тамақтанумен қамтылды. Мектеп формасымен қамтамасыз ету 63,7 млн теңге, жазғы демалысты ұйымдастыру 87 млн теңге болып отыр.

– Өткен жылдармен салыстырғанда биылғы жылы ҚР БҒМ бастамасымен «Мектепке жол» акциясы бір ай бұрын басталды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, біздің облыс жұртшылығын осы акцияға қатысуға шақырғым келеді! Бұл мәселе бойынша біздің облыс әрдайым белсенділік танытты. Тек өткен жылы ғана акция аясында 13 мыңға жуық балаға 109,3 млн.теңге көлемінде көмек көрсетілді, соңғы 10 жылда 113 мың балаға 760 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілді, – деді Василий Цымбалюк.

Осылайша, білім беру жүйесінің барлық белгіленген басымдылықтары, еліміздің бағдарламалық құжаттарында айқындалған міндеттерді шешуге және білім сапасы мен оның қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суретті түсірген автор

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись