Біздің Қостанай

Бала тәрбиесіндегі құндылықтар

Балдырғандарға олардың маңызы түсіндірілуде


Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын аса құнды мақаласы аясында атқарылып жатқан барлық іс-шара қоғамның дамуына өз үлесін қосуда.

Бұл орайда мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілері де өз үлестерін қосып, белсенділік танытуда. Балабақша баланың жүйелі түрде білім мен тәрбие алатын ең алғашқы тәрбие мекемесі болып табылады.
Жалпы, балабақшаның басты міндеті – балдырғандарды тәрбиелеу, яғни балаға сапалы білім және жан-жақты тәрбие беру.

Кезінде ұлы бабамыз Әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы,» – деп айтқан жоқ па еді. Сондықтан осы пікірдің астарында түсінген адамға үлкен мән жатыр.

Біздің пайымдауымызша, балаларға тәрбие тал бесіктен басталады. Мұнда ана тіліміздің алар орны ерекше. Себебі, тіл арқылы ғана біз ұрпағымызды ізгілікке, имандыққа ,ұлтжандылыққа, адалдыққа тәрбиелейміз.
Жоғарыда аталған бағдарламаны басшылыққа ала отырып, біздің мекемеде де кейінгі ұрпаққа тағылымдық-тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар ұйымдастыру жалғасын табуда.

Осы арада жалаң сөзге салынбас үшін «Менің Отаным Қазақстан», «Біздің салт дәстүріміз» деп аталатын шаралардың маңызы ерекше болды.

Оны тыңдаған балалардың да ой-өрісі кеңейіп, ата-аналар да бір марқайып қалды. Рухани байлықтың бала өмірінде қаншалықты айрықша орын алатындығын терең ұғынған секілді.

Мысалы, біздің мақал-мәтелдеріміз де нақты өмірден алынған. Оны сезініп өскен балалар да ертең парасатты да терең білімді азаматтар болып қалыптасатындығына нық сенімдіміз.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру„ деп аталатын мақаласындағы барлық айтылған жайлар зиялы қауым өкілдері ретінде бізге ерекше әсер етті.

Сондықтан алдағы уақытта да балалар жан-жақты болып қалыптасу үшін оларға заман талабына сай тағылымды тәлім-тәрбие беруге белсене атсалыса береміз. Бүгінгі балдырғандар ертеңгі білікті азаматтар деп түсінеміз.

Ж.Андырова,
А. Мырзабаева, «Салтанат»
бала бақшасының қызметкерлері


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77