№27 балабақшада жөндеу жұмыстары жасалуда
Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында білім нысандарының күрделі жөндеу жұмысатрына қомақты қаржы бөлінді.
Бағдарлама аясында қалада № 4,6,19 мектептерге жөндеу жұмыстары жүргізілсе, мұның сыртында №27 балабақшаға да күрделі жөндеу жұмыстары жасалуда.
Балабақша басшысының айтуынша, нысан екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі 1964 жылы салынған, екінші бөлігі 1984 жылы тұрғызылған.
– Осы уақытқа дейін бабабақшаға жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен, осындай ауқымды күрделі жөндеу көрген жоқ. Биыл, «жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының игілігін бізде көрудеміз, яғни балғындардың ордасы күрделі жөндеуден өтуде. Мүлдем жөндеу көрмеген деп айтуға болмайды әрине, терезелерлі мен едендері ауыстырылды. Ал бұл жөндеу жұмыстары барысында барлық жылу жүйелері жаңартылады. Одан да бөлек көптеген жұмыстар атқарылады, – деп атап өтті бабабақша директоры Галина Травкина.
Жөндеу жұмыстарын «Пан-Строй» ЖШС ұйымы жасауда. Балабақша басшысының айтуынша, мердігер ұйым құрылысты сапалы жүргізуде. Ұсыныс-тілектердің барлығы ескеретін көрінеді.
– Осы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім нысандарының жөндеу жұмысына 2 млрд 700 млн теңге қаржы бөлінді. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 368 адам жұмысқа орналасты. Отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында, аталмыш нысанның жөндеу жұмыстарына қазақстанда өнделетін құрылыс материальдарын пайдалануда. Оның ішінде өзімідің Қостанайлық кәсіпкерлердің өнімі бар, – дейді Қалалық білім бөлімінің жобалық-жоспарлаушы инженері Ирина Гердт.
Қосымша кәріз құбырлары толық жаңартылып, электр жүйесі ауыстырылады. Сонымен қатар, бейне бақылау камералары бұрын болмаған бөлмелерге орнатылады. Бұл жұмыстарға ата-аналарда разы.
– Жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізуде. Құрылыс аяқталған соң бабабақша жаңа кейіпке енетін болады. Балғындардың да көңілінен шығатынына сенеміз. Үлкен балам осы балабақшада тәрбиеленген. Қазір кіші балам осы балабақшаға келіп жүр, – дейді балабақша тәрбиленушісінің анасы Анастасия Александрова
Сералы МЫРЗАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77