Социум

Балаларға қоғамға қауіпті терроризмнен қалай қорғану керектігін үйренді

Қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері «Терроризм-қоғамға қауіпті» деген жадынамаларды таратты

А.Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында «Терроризм–қоғамға қауіпті» арт-терезесі ұйымдастырылды. «Террористік актілер қауіп төнген кездегі тұрғындардың әрекеттері», «Балаларға арналған қауіпсіздік ережелерін білу», «Қазақстан балалары терроризмге қарсы», «Терроризмге жол жоқ!» жадынамаларын пайдаланып, кітапханашылар қала тұрғындарына халықаралық терроризмнен келетін бүкіл әлемге төнген қауіп туралы, әлемде орын алған террористік актілер туралы айтып берді. Кітапханашылар 2004 жылдың 1 қыркүйегінде Бесландағы қайғылы оқиғаларға ерекше назар аударды.

Қала тұрғындары қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелері, террористік шабуыл қауіп кезіндегі әрекеттер туралы, сондай-ақ кәсіптері бізді террористерден қорғайтын адамдар туралы білді. Олар осы тақырып бойынша ақпарат және қаланың барлық шұғыл қызметтерінің телефондары көрсетілген «Терроризм – қоғамға қауіпті» жадынамаларын алды.

-Терроризм қоғамға үлкен қауіп төндіретін ұғым. Мұны балалар да өте жақсы түсінеді. Оның салдарынан қаншама жазықсыз жандардың өмірмен қош айтысып жатқанын түсінеді. Сондықтан болар біздің кітапханада өткен осы бастамаға тұрақты оқырмандарымыз да белсене атсалысты,-дейді кітапханашы Ақмарал Қоржымбаева.

Бала жүрегі пәк, нәзік. Олардың көпке кесірін тигізетін аты жаман қоғамға жасалатын қауіптен қалай қорғану керектігін жақсы білулері керек.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77