Новости Социум

Балаларға шаттық сыйлайтын саябақ

Ондағы аттракциондардағы қәуіпсіздік білікті мамандардың жіті қадағалауында

Қостанай қаласының орталығында орналасқан «Саябақ-2018» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аттракциондары үстіміздегі жылдың 24 сәуірінде ресми түрде ашылған. Ондағы балаларға арналған қызықты аттракциондардың жарамдылығы жан-жақты тексерістен өткен.

Ауа райына байланысты жұмыс жасайтын аттаракциондардың жұмысы күн жылынғаннан кейін қыза түсті. Әсіресе, 1 маусым – балаларды қорғау күнінде тамылжыған ауа райы мұндағы қызықты да алыстан көз тартатын аттракциондардың ішін бүлдіршіндерге толтырды.

Қазіргі таңда мұнда «Вихерь», «Сюрприз», «Гусиница», «Колесо обозрение» сында басқа да 25 аттракцион жұмыс істейді. Бұл балаларға арналған аттракциондар күнделікті жұмысын бастар алдында электрик маманының толық тексерісінен өтеді.

Сонымен қатар күнде өз жұмысын бастар кезде басқа да мамандар тексеріс жүргізіп, аттракционның жарамдығына көзін жеткізгеннен кейін қәуіпсіздің журналына қолдарын қояды.

Осыдан кейін аттракционда былдырғандарды ойнататын контролер-операторлар өздерінің жұмыс орнын қабылдап алғанын растап арнайы журналған қолдарын қойып, күнделікті кәсіптеріне кіріседі.

Шаһарымыздағы бұл саябақта балалардың өміріне қәуіп төндірмеу үшін барлық жағдай жасалған. Аттракциондардың техникалық қәуіпсіздігі әрдайым білікті мамандардың жіті қадағалауында.

Сондықтан мұнда жиі келетін балалар мен олардың ата-аналарының алаңдауына еш себеп жоқ.

Қаламыздағы аттракциондар әрдайым қала тұрғындарының тарапынан үлкен қызығушылыққа ие. Мұнда қызмет ететін 50 оператор мен 2 әкімші бүлдіршіндердің ештеңеге алаңдамай ойын қызығына батуларына барлық жағдайды жасайды.

Олар өздерінің жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарап, өздеріне келген балалардың жоғары көңіл-күйде болғанын қалайды.

«Саябақ-2018» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аттракциондарының меңгерушісі Валентина Петрованың айтуына қарағанда, мұнда бүгінде 4 батут жұмыс істейді. Олардың бәрі де толық тексерістен өткен. Саябақ қызметкерлері ауарайына жіті көңіл бөліп, желді немесе қатты ыстық күндері батутты жұмысқа қоспайды. Ең басты мақсат балалардың денсаулығына қауіп төндірмеу.

Сондай-ақ әрдайым мұндағы қәуіпсіздікке ерекше көңіл бөліп, оған кірген кезде балалардың қолында үшкір неме өткір заттың болмауын қадағалап отырады.

Сондықтан балғындардың қолында батутқа кірерде ештеңе болмауы талап етіледі.

Шаһарымыздың кішкентай тұрғындарының көп жүретін бұл саябағындағы аттракциодардың бағасы да көңілге қонымды. Онда ең арзан аттракционның билеті 200 теңге болса, автодромда балаңызды ойнату 500 теңге. Бұл мұндағы ең жоғары баға көрсеткіші. Ал егер 15 адамнан тұратын ұжым билет алатын болса, онда арнайы жеңілдіктер бар.

«Саябақ-2018» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері екі кезекпен жұмыс істейді. Бірінші кезектегілердің жұмысы 10:00-ден 17:00-ге дейін, ал екінші кезектегілер 17:00-ден 23:00-ге дейін өздерінің міндетіне жауапкершілікпен қарайды.

Сонымен қатар күнде таңертең аттракциондарды тазарту жұмыстары жасалады. Сондықтан олардың іші әрдайым таза да балалар қызығарлықтай әдемі.

Міне, осындай сапалы да сәнді аттракциондар қостанайлық балғындардың қуанышына жұмыс жасап жатыр.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Фотоны түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77